Байланысты: O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 49
бұл театрларда тек қуыршақтармен жұмыс жасайды деп ойлайтындар бар. Олай
емес. Бұл өнер ошақтары балалардың санасына отбасына деген сүйіспеншілікті,
еліне, жеріне патриоттық сезімді қалыптастыратын қойылымдарды да сахналайды.
Бірақ осы қуыршақтар əәлеміне қазақ балаларының көптеп ағылып жатқанын
байқай алмадық. Мысалы, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының 200
адамдық орны бар. Қойылымдары екі тілде де қойылады. Орысша
қойылымдарында залдың кем дегенде жартысы толып отырады. Ең қызығы,
алдыңғы қымбат билеттер бірінші сатылып кетеді. Ал қазақша қойылымдарға ары
кетсе 30 адам келеді. Оның өзінде де ата-аналар ең арзан билеттерді алуға
тырысады. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген
түсінік қалыптасқан.
ІІІ. Бүгінде қазақтар шетелге жиі саяхаттайды. Біріккен Араб ƏӘмірліктерінен
Алматыға қарай ұшаққа отырарда қасымдағы жеткіншек қазақ баланы сөзге
тарттым. «Ал, арабтардың əәмірліктерінен не көріп қайттың?» деп сұрадым. Сол
кезде 12-13 жас шамасындағы баланың жауабына көңілім толмай қалған еді. Бар
айтқаны – ана шетіндегі жағажай, мына шетіндегі жағажай, биік-биік ғимараттар,
дүкендер… Өзім танысқан бірнеше мұражайды атап едім, «бармадық» деп басын
шайқады. «Сонда бұл халық туралы не біліп қайттың?» деп сұрадым. Тағы да
мардымды жауап бере алмады. Сонда бір елге барып тұрып, мəәдениеті мен
тарихымен танысуға қызықпағандары қалай? Тіпті, тілін түсінбейтін болсаң да,
шетелдің театрына бас сұғып қайтсаң, көп жайды аңғарып қайтуға болады.
Мəәселен, Сеулде фольклорлық «Nanta» атты театр бар. Билетінің бағасы біздің
театрлардан он есе қымбат тұрады. Алматыдағы балалар спектакльдерінің билет
құны – 400-600 теңге, Астананың Жастар театрында балалар билеті – 300 теңге. Ал
«Nanta» билеті шамамен 5000 теңге көлемінде. Соның өзінде, екі барғанымда да
үлкен залда бос орын болмады. Атауы «ретсіз дыбыстар» деген мағынаны беретін
бұл театрға кəәрістер үш жасар баласын да ертіп келеді. Ал бізде актер болуды
армандайтын кей бала театр көрмей өседі…
IY. Шыны сол, қазақтар бала тəәрбиесіне мəәдени ошақтарға бару мəәселесін
қоса бермейді. Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, ұл-қыздарын анда-санда болса
да, театрға ертіп баруды ойластырмайды. Қажет көрмейтіндері де бар.
7.Мəәтіннің негізгі ойы қай сөйлеммен сəәйкес келеді?
A)Қуыршақ театрының қойылымдары сапасыз.
B)Шетелде демалудың өзі – бір бақыт
C)Елімізде театр санын арттыру керек
D)Театр билетінің құнын өсіру керек
E)Бала тəәрбиесіне мəәдени ошақтарға бару мəәселесін қою керек.
8.Автордың мақаласына түрткі болған жағдай
A) Өнер ошақтарының санының аздығы туралы
B)Өнер ордасына балалардың сирек баруы
C)Театр қызметкерін таныту
D)Ата-аналардың қамқорлығын көрсету
E)Театрдың ішкі тіршілігімен танысу