Байланысты: O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 489
C)Дицентра
D)Сакура
E)Орхидея
6.Қызғалдақтың отаны
A)Жапония
B)Ресей
C)Франция
D)Германия
E)Қазақстан
І. Еліміздің əәр қаласында театр бар. Бір Алматының өзінде 10 мемлекеттік жəәне он
шақты жекеменшік театр бар екен. Ал осы мəәдениет ошақтарына оқушыларымыз
барып жүр ме? Қазір театрға көрерменді көбіне əәкімшілік жолмен жинайтыны
жасырын емес. Ал егер балаларға арналған қойылымдарға көрерменді арнайы
жинап əәкелмесе ше? Қанша адам келер екен?
Театрдағы көрермен мəәселесі төңірегінде Астана қалалық «Жастар»
театрының əәдеби қызметкері Назерке Жұмабайды əәңгімеге тартқан едік.
− Қазір театрға балалар өз еріктерімен келеді дей алмаймын. ƏӘрдайым
ұйымдастырумен жинаймыз. ƏӘсіресе, қуыршақ театрларына қазақ балаларының
қызыққанын көрмеппін.
ІІ. Баланың таным-түйсігін кеңейтуде қуыршақ театрларының алар орны
үлкен. Бізде де, өзге елдерде де балабақша жасынан бастап, бүлдіршіндерге
қуыршақтармен көрініс қою бағдарламаға енгізіледі. Аты солай аталып тұрған соң,
бұл театрларда тек қуыршақтармен жұмыс жасайды деп ойлайтындар бар. Олай
емес. Бұл өнер ошақтары балалардың санасына отбасына деген сүйіспеншілікті,
еліне, жеріне патриоттық сезімді қалыптастыратын қойылымдарды да сахналайды.
Бірақ осы қуыршақтар əәлеміне қазақ балаларының көптеп ағылып жатқанын
байқай алмадық. Мысалы, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының 200
адамдық орны бар. Қойылымдары екі тілде де қойылады. Орысша
қойылымдарында залдың кем дегенде жартысы толып отырады. Ең қызығы,
алдыңғы қымбат билеттер бірінші сатылып кетеді. Ал қазақша қойылымдарға ары
кетсе 30 адам келеді. Оның өзінде де ата-аналар ең арзан билеттерді алуға
тырысады. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген
түсінік қалыптасқан.
ІІІ. Бүгінде қазақтар шетелге жиі саяхаттайды. Біріккен Араб ƏӘмірліктерінен
Алматыға қарай ұшаққа отырарда қасымдағы жеткіншек қазақ баланы сөзге
тарттым. «Ал, арабтардың əәмірліктерінен не көріп қайттың?» деп сұрадым. Сол
кезде 12-13 жас шамасындағы баланың жауабына көңілім толмай қалған еді. Бар
айтқаны – ана шетіндегі жағажай, мына шетіндегі жағажай, биік-биік ғимараттар,
дүкендер… Өзім танысқан бірнеше мұражайды атап едім, «бармадық» деп басын
шайқады. «Сонда бұл халық туралы не біліп қайттың?» деп сұрадым. Тағы да
мардымды жауап бере алмады. Сонда бір елге барып тұрып, мəәдениеті мен
тарихымен танысуға қызықпағандары қалай? Тіпті, тілін түсінбейтін болсаң да,
шетелдің театрына бас сұғып қайтсаң, көп жайды аңғарып қайтуға болады.