Байланысты: O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 92
Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа
келген мысық оған тыныштық бермепті.
Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ
табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа:
– Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп
жүрсің? – дейді. Мысық тəәкаппарлана:
– Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! –
дейді.
Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта
тығылып жүретін болыпты.
Бір тəәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай
кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып,
ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген
сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін
болыпты.
3.Тышқанның дұшпанын анықтаңыз
A)Батыл
B)Жалқау
C)Мақтаншақ
D)Өркөкірек
E)Айлакер
4.Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай
A)Батылдығы
B)Шыдамдылығы
C)Шапшаңдығы
D)Ептілігі
E)Тапқырлығы
5.Мəәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.
A)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас
B)Досы көпті жау алмайды
C)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес
D)Ежелгі дұшпан ел болмас
E)Жалғыз қаздың үні шықпас
6.Мəәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.
A)Қулығын асырған тышқан
B)Мысық пен тышқан
C)Тату-тəәтті өмір
D)Ұйқышыл мысық
E)Жаңа дос
2014 жылғы Қазақстандық кинолардың шымылдығын ашқан «Фуга»-дан кейін Баян Есентаеваның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Сол кинокартина жайында жазылған мəәліметтермен мұқият танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.