Microsoft Word Тыныс алу толық



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата19.12.2022
өлшемі1,04 Mb.
#58065
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Тыныс алу толық



МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ 
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ 
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дəріс 
 
 
Модуль 
 
 
Тақырыбы: «Тыныс алу жүйесі»
 
 
 
 
Құрастырған: 
Правин Нариман Ныгманович
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы-2020 
 
 


МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ 
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ 
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 
Тыныс алу жүйесі 
Қызметі: Тыныс алу жүйесі қанды оттегімен байытып, ағзадан 
көмірқышқыл газын сыртқа шығарады. Тыныс алу жүйесі екі бөліктен 
тұрады: ауа жолдары мен өкпенің респираторлы бөлігі. Ауа жүретін 
жолдарына: мұрын қуысы, мұрынның жұтқыншақ бөлігі, кеңірдек жəне 
бронхтар жатады. Бронхтар өкпе сыртындағы жəне өкпе ішіндегі 
тармақтарға 
жіктеледі. 
Ал, 
респираторлы 
бөлігіне: 
респираторлы 
бронхиолалар, альвеола жолдары мен альвеола қапшықтары жатады. Бұл 
аталған бөліктері өкпе ацинустары болып саналады. 
Даму: Жалпы тыныс алу жүйесінің шығу тегі болып саналатын алдыңғы 
ішектің вентралді қабырғасындағы прехордалді пластинка. Эмбриогенездің 
3-аптасында бұл пластинкадан екі өсінді пайда болып, оң жəне сол жақтағы 
өкпенің бастамасын береді. Өкпенің дамуы үш кезеңнен тұрады. 
1-кезең. Эмбриогенездің 5-аптасынан 4-айға дейін жүретін секреторлы 
кезеңі. Бұл кезеңде ауа жолдары мен бронхиалды жолдар бронх тармақтары 
дамиды. Өкпе түтікше түрінде ғана болады. 
2-каналикулярлық кезеңі эмбриогенездің 4-6 айында бронхиалді жолдарымен 
респираторлы бронхиолалар түзіле бастайды. Бұлармен қоса өкпе 
мезенхимасына қан капиллярлары да кірігіп дамиды. 
3-альвеолярлық кезеңі 6-айдан басталып туғанға дейін жүретін кезең, мұнда 
альвеолярлы жолдары мен қапшықтары қалыптасады. Сонымен қатар 
альвеолярлы 
эпителилердің 
арасына 
капиллялар 
кіріге 
бастайды. 
Бронхиолаларды қоршаған мезенхиманың арасында борпылдақ талшықты 
дəнекер тіні мен миоциттер, гиалинді шеміршек тіні мен капиллярлар пайда 
бола бастайды. Эмбрионалді кезеңде альвеолалардың қабырғасы жабысып 
жатады. Ал, нəресте дүниеге келген сəттен бастап, алғашқы тыныс алуында-
ақ альвеолалары ауаға толып, қапшықтардың қуысы кеңейеді. Нəресте 
уақытылы (9-айлық) мерзімінде дүниеге келсе, тек предиафрагмальді немесе 
өкпесінің төменгі бөлігі ауасыз болуы мүмкін. Ана құрсағынан өлі туған 
баланың өкпесі ауасыз қапшықтары қабысып, қабырғалары бір-біріне 
жабысып қалады. Сот медицинасында осының бəрін негізге ала отырып
нəрестенің қай кезде өлгеніне негіз етіп алады. Егер баланың (нəрестенің)
өкпесі суға батып кетсе, ішінде ауа жоқ болып, нəресте іштен өлі туғаны. 
Егер нəресте өкпесі суға батпай, суда жүзіп жүрсе, өкпе ішінде ауасы бар 
болғанның белгісі, онда нəрестенің бұл туғаннан кейін өлгенін белгісі болып 
табылады. Сот медицинасында бұл маңызды мəселенің бірі болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет