Microsoft Word Титул 2 ист doc


Сартай батыр бастаған «Мың бала жорығы»



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата26.09.2022
өлшемі452,68 Kb.
#40303
түріСтатья
1   2   3
Байланысты:
Kuzembaev Istoriya 31-39

Сартай батыр бастаған «Мың бала жорығы» 
Мақалада қазақ жеріне тұтқиылдан соққы жасап, қазақ халқын туған жерінен айырмақшы болған 
жоңғар басқыншыларының жетпіс мың əскеріне қарсы шыққан қазақ жауынгерлерінің құрамында 
өзінің «Мың бала» деген атауға ие болған қолымен, соғысқа қатысқан Сартай батыр жөнінде 
баяндалды. Автор ХVІІІ ғасырдағы туған елі мен жері үшін басын тіккен «Мың бала» қолымен жəне 
оны бастаған, есімі халық жүрегінде сақталған Сартай батыр жөнінде ауыздан ауызға жетіп, əкеден 
балаға мұра болып қалған мадақтау өлеңдерін, эпостарды, жырларды жəне т.б. мұрағат 
құжаттарындағы мəліметтермен салыстыра отырып, сол заманға тарихи сипаттама берген.
Кілтті сөздер: Кіші жүз, шекті руы, Ұлытау, жоңғарлар, Сартай батыр, жорық, Мың бала жорығы, 
дастан, көтеріліс-соғыс, жасақ, батыр. 
Сартай Байжанұлы — Кіші жүздегі Шекті руының ішіндегі ең ірі тарихи тұлғалардың бірі. Оның 
1727 жылы Ұлытауды жоңғарлардан босату үшін болған негізгі шайқаста Кіші жүз сардарларының 
қатарында мың баланы бастап барып, үлкен ерлік көрсетіп, жауды жеңуге шексіз үлес қосқаны 
туралы ақын Нұрмағанбет Қосжанұлы «Сартай батыр» туралы дастанын жазып, кейіннен 1927–1953 
жылдардағы елдегі тоталитарлық жүйенің салдарынан дастан жерге көміліп тасталады. Ақынның 
өзін Ақтөбенің НКВД үштігі халық жауы деп айыптап, 1937 жылдың 29 тамызында ату жазасына 
кескен. Үкім сол жылы 4 қыркүйекте орындалған [1]. Ақын жазықсыз жаламен бұл дүниеден өтсе де, 
ол жазып қалдырған «Сартай батыр» дастаны халықтың Сартай батырға деген, жазған ақынға деген 
сүйіспеншілігінің арқасында осы кезге жетті. Ақын Нұрмағанбет Қосжанұлының дастанын ел 
арасынан іздестіріп тауып, туған елімен қауыштырған белгілі журналист, профессор Өмірзақ 
Жолымбетов. Бұл да толық нұсқасы емес, кейіннен жыршы-термешілердің айтуымен жазылған 
нұсқалары. Дастанды жазба күйінде сақтауға Кеңес үкіметінің сол кездегі саясатынан қорыққан 
халық жасырын ауызша таратып, кейінгі ұрпаққа жеткізген. Өмірзақ ағамыз бастырып шығарған 
нұсқасында жер атаулары өзгертілген. 
Осы Н.Қосжанұлының жазып қалдырған «Сартай батыр» туралы дастанының түпнұсқасын 
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақшатау елді мекенінің қасындағы Майтөбедегі Махамбет сұпы 
мешітінің күнбатыс бетіне батырдың ұрпағы Томаұлы Жетпістің айтуымен құрым киізге орап, 
сыртын былғарымен су өтпейтіндей етіп қаптап көмеді. Томаұлы Жетпіс көзі тірісінде «Сартай 
батыр» дастанын бір жырлатып тыңдай алмай, бар сырын ішіне бүгіп, 70-ке қараған шағында 1952 
жылы қайтыс болады. Өлер алдында Байжан Асан аталығынан туыс інісі Жұбатханға аманаттаған. 
Кейіннен Жұбатхан қасына жігіттер ертіп, ағасының айтып кеткен жерін қазып іздестіреді, бұл кезде 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет