Аралық аттестацияға арналған емтихандық тесттер базасы 5 курс Модуль Неврология және психиатрия Пән: Неврология Сезімталдық және оның бұзылыстары 111 1
Сезімталдылық анализаторының қыртыстық орталығы?
+артқы орталық ирелең
Гешль иірімі
шүйде бөлімі
самай бөлімі
маңдай бөлімі
Сезімталдық және оның бұзылыстары 2
52 жасар әйел, қант диабетімен сырқаттанады. Аяқ-қолындағы ауру сезіміне шағымданады. Тексеру барысында «ұзын қолғап және шұлық» типі бойынша гипестезия анықталды.
Бұл жағдайда сезімталдылық бұзылысының түрі қандай?
+шеткі
түбіршектік
жұлындық-сегментарлық
өткізгіштік
сегментарлы
3
35 жасар ер кісі, анамнезінде нейросифилис, арқасындағы ауру сезіміне шағымданады. Тексеру барысында оң аяқ қолында терең сезімталдылықтың бұзылысы анықталады.
Қандай құрылымдардың зақымдалуы кезінде осындай симптоматика болуы ықтимал?
+Бурдах и Голь шоғыры
артқы түбіршек
артқы мүйіз
жұлын-көру төмпешігі жолы
жұлындық ганглий
4
40 жасар ер кісі, инсульттан кейін көзін жұмып құралдарды сипап танып айтып бере алмайды.
Сезімталдылықтың қандай түрі бұзылған?
+стереогностикалық
буын-бұлшықеттік
вибрациялық
температуралық
ауырсыну сезімі
5
20 жасар наркоманиямен сырқаттанатын науқаста, аяқ қолының дистальді бөліктерінде сезімталдық төмендеген.
Сезімталдылық бұзылысы қалай аталады?
жұлындық
милық
+шеткі
артқы бағандық
өткізгіштік
6
36 жасар ер кісі, сол жақ кеуде және қолында ауырсыну және температуралық сезімталдылықтың төмендеуіне шағымданады. Тексеру барысында сезімталдылықтың сегментарлы «жартылай кеудеше» түрінде бұзылысы анықталды.
Қандай құрылымдар зақымдалған?
+жұлынның артқы мүйізі
жұлынның алдыңғы бағаны
бет нервінің ядросы
ішкі капсула
көру төмпешігі
7
35 жасар ер кісі, темір ұсташысы, емханада қарау кезінде оң жақты аяғы мен қолында терең сезімталдықтың бұзылысы, сенситивті атаксия анықталды.
Жүйке жүйесінің қандай құрылымы зақымдалған?
артқы мүйіз
артқы түбіршек
+артқы баған
жұлын-көру төмпешігі жолы
жұлын ганглийі
8
Қабылдауда 45 жасар әйел кісіде, анамнезінде көптеген күйіктер, сол жағында бұғанадан кіндікке дейінгі деңгейге дейін «жартылай күрте» типі бойынша беткейлі сезімталдықтың бұзылысы анықталды.
Науқаста сезімталдықтың бұзылысының типі қандай?
+артқымүйізді-сегментарлы
мононевритикалық
полиневритикалық
капсулярлы
түбіршектік