Мидың құрылысы, бөлімдері



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата02.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#132181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
анатомия кітап

Артқы миға 

мишық 
пен 
ми көпірі 
жатады. 
Ми көпірі 
ортаңғы ми мен 
сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды 
байланыстырып тұратындықтан 
ми көпірі 
дейді. Ми көпір арқылы төменірек 
орналасқан бөлімдерден қозу келеді.
Ми көпірдің өткізгіш доғасы үлкен ми сыңарларының қыртысын 
жұлынмен және мишықтың қыртысымен жалғастырады. Ми көпірінің жүйке 
жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының кілегейлі 
қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-
теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне 
хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау 
бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан.
Мишық
 
- сопақша ми мен көпірдің артқы жағында жатады. Мишықтың 
сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп иірімдері болады. 
Сұр заттың астында ақ заты орналасады.
Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке 



жүйесінің 
барлық 
бөлімдерімен 
байланыстырады. 
Мишық 
дене 
бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-
қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Егер 
мишық жарақаттанса, адамның қол-аяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-
теңдігі, сөзі бұзылады.
3.
Ортаңғы ми 
- артқы ми мен аралық мидың арасына орналасқан. Ол 
алдыңғы ми мен артқы миды бір-бірімен жалғастырып тұрады. Мидың бұл 
бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. 
Теріде 
пигменттің 
түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық 
тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді. 
4.
Аралық ми 
- ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру. 
төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады. Аралық 
мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т.б. 
рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының 
қыртысына өтеді. Аралық ми зат алмасу, жүрек-қантамырлары жүйесі, ішкі 
секреция бездері, зәр шығару, ұйқы жұмысын реттейді. Ағзаның ішкі ортасы, 
дене температурасы, тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы аралық миға 
байланысты. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет