8
1 - ми;
2 - жұлын;
3 - мидан тарайтын жүйке;
4 - жүйке түйіндері;
5 - симпатикалық бөліктің орталығы;
6 - парасимпатикалық бөліктің орталығы
Вегетативті жүйке жүйесі де орталық және шеткі бөлімдерге бөлінеді.
Орталық бөлімдері ми мен жұлында болады.
Шеткі бөлімдері ми мен
жұлыннан тыс жерлердегі жүйке бағанасында, жүйке түйіндерінде,
өрімдерінде орналасады.
Симпатикалық бөліктің орталығы жұлынның арқа сегменттерінде
жүйке жасушалары шоғырланып орналасады.
Шеткі бөліктеріне омыртқа
жотасының екі бүйірінде орналасқан бір жұп симпатикалық бағана жатады.
Симпатикалық бағанада 20-25 жүйке түйіндері бар. Жүйке түсіндері жүйке
жасушаларының шоғырынан тұрады. Олардан құрсақ және жамбас қуысында
орналасқан мүшелерге, ірі симпатикалық өрімдерге жүйелер тарайды. Құрсақ
қуысындағы ең ірі өрімнің жүйке түйіндерінен құрсақ қуысындағы барлық
мүшелерге жүйкелер таралады.
Парасимпатикалық бөліктің
орталығы
ортаңғы және сопақша мида
жұлынның сегізкөз сегменттерінде орналасқан. Шеткі бөлімі ішкі
мүшелердің маңында не тікелей өзінде жүйке өрімдері түрінде кездеседі.
Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелерінің қызметтері бір-
біріне қарама-қарсы түрде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: