Мидың құрылысы, бөлімдері


Адам қаңқасы және оның бөлімдері. Тұлға қаңқасы



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата02.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#132181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
анатомия кітап

Адам қаңқасы және оның бөлімдері. Тұлға қаңқасы
Тірек-қимыл жүйесінің маңызы: 
тірек-қимыл жүйесіне (аппаратына) 
қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бір-бірімен дәнекер ұлпалар (шеміршек пен 
сүйек) арқылы байланысқан сүйектер қаңқа түзеді. Қаңқа (скелет) ағзаның 
тірегі, ал оның бұлшықеттері қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-
қимыл жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жо-
тасы мен жамбас белдеулері). Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге 
қорғаныш қызметін атқарады. Мысалы, ми бір-бірімен берік байланысқан ми 



сауытын құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде 
қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді - жамбас белдеулері 
сүйектері қорғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған орта 
жағдайларына бейімделуінің бір белгісі – қимыл (қозғалу). Денені 
қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бүлшықеттер. Кез келген қозғалыста 
(жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш (тірек) етеді. 
Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйектің құрамында минералды 
тұздар мен микроэлементтер болатындықтан минералды алмасуға қатысады. 
Адам қаңқасының бөлімдері. 
Адам қаңқасы бір-бірімен өзара буын 
қалталары арқылы байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Қаңқада 200-ден 
астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері 
жағынан 
ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сектер 
деп бөлінеді. 
Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің 
жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан түтікті 
сүйектер деп те атайды. Қысқа сүйектерге - омыртқа, алақан, табан, саусақ 
йектері жатады. 
Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бас 
сүйектері, қабырға, төс, жамбас сүйектері - жалпақ сүйектер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет