12
ә) жазу столы мен орындықтың биіктігінің сөйкессіздігі;
б) көбіне бір қолымен ауыр жүк көтеру;
в)
сүйектер
мен
бұлшықеттердің
нашар
дамуы
және
т.б.
Сондықтан да жүргенде,
тұрғанда, отырғанда омыртқа жотасын түзу
ұстауға тырысу керек. Ауыр жүк көтермеу, жүйелі түрде
спортпен
шұғылдану керек.
Кеуде қуысының
қанқасын 12 арқа омыртқа, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы
жағын жалғыз төссүйек құрайды. Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті
болады. Жоғарғы 7 жұп қабырғалар шеміршек арқылы төссүйекпен
байланысқан. Келесі шеміршек шеттері қабырғалардың
жұптарымен өзара
қосылып доға түзеді. Қабырғалар омыртқалармен буын арқылы
қозғалмалы,
төссүйекпен
шеміршек арқылы
жартылай қозғалмалы
байланысады.
Қабырғалардың 11, 12-жұптарында шеміршек
болмағандықтан алдыңғы
шеттері бұлшықеттердің арасында бос жатады (40-сурет). Қабырғалар тыныс
алу мен тыныс шығарғанда кеуде қуысы көлемінің ұлғайып, кішіреюіне әсер
етеді. Кеуде қуысында орналасқан мүшелер: жүрек, өкпе, ірі қантамырлар,
кеңірдек, бронхылар, өңеш және жүйкелер.
Кеуде қуысының пішіні
жынысына, жас ерекшеліктеріне, дене бітіміне, дамуына байланысты. Кеуде
қуысының жоғарғы және төменгі тесігі болады. Жоғарғы тесігі артқы
жағынан бірінші арқа омыртқасының денесімен шектеледі. Бүйірі
бірінші
жұп қабырғалармен, алдыңғы жағы төссүйектің жалпақ бетімен бітеді.
Жоғарғы
тесік арқылы өңеш, кеңірдек ірі қантамырлар мен жүйкелер өтеді.
Жануарлармен салыстырғанда денесін тік ұстап, тік жүруіне
байланысты
адамның кеуде қуысы екі жағына керіліп, кеңейген.
40-сурет.
Кеуде (көкірек) қуысы – қабырғалардың
шеміршекті шеттері;
1,2 - қабырғалар;
3 - төссүйек;
4 - омыртқа жотасы