16
Қан плазмасында ерітілген белоктар, минералды тұздар және басқа
заттар арнайы осмостық қысымын белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы
судың алмасуында үлкен рөль атқарады. Белоктар плазмаға тұтқырлық
(вякость) қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды рөль атқарады.
Қанның форменді элементтері
Қанның қызыл түйіршіктері немесе эротроциттер –
бұл ядросыз екі
жақты ойыс пішінде қан жасушалары, оның диаметрі 7,5 мкм.
Қанның 1 мм
3
көлемінде 5 млн эротроцит болады. Бір адамның
эротроциттер мөлшері 3800 м
2
. Олардың негізгі қызметі - өкпеден ұлпаға
оттегін өткізу болып табылады. Эротроциттер қызыл сүйек майында пайда
болады. Олар 3-4 ай бойы тіршілік етеді. Көне эротроциттер көк бауырда
ыдырайды. а) сау адамның эритроциттері; ә) ауру адамның гемоглобинінің
эритроциттері. Америкалық ғалым Л.Полинг 1951 жылы үлкен жаңалық
ашты. Медицинада “орақ пішінді клеткалық анемия” дейтін ауру белгілі. Бұл
аурумен ауырған адамдардың қанындағы эритроциттер “орақ” пішінді
болады. Аурудың аты осыған байланысты аталған. Орақ пішінді
эритроциттер оттекті тасымалдау қасиетінен айырылады немесе өте нашар
тасиды. Л.Полинг осы аурумен ауыратын адамның клеткасы мен дені сау
адамның клеткасының гемоглобиндерінің бірінші деңгейіндегі молекулалық
құрылымын зерттеген. Ауру адамның гемоглобинінің құрамындағы амин-
қышқылдарының тізбегіндегі алтыншы орында тұрған “глутамин
қышқылының” орнын “валин” басатынын анықтаған.
а) сау адамның гемоглобинінің тізбегі; ә) ауру адамның гемоглобинінің
тізбегі.
Міне, бұл аурудың себебі
гемоглобин құрамындағы бір
ғана аминқышқылының орын
ауыстыруына
байланысты
екендігі осы тізбектен көрініп
тұр. Сонымен қатар, Л.Полинг
пептид молекуласының берік-
тігі оның құрамындағы оттек
пен азот атомдарының сутектік
байланыспен
байланысуына
негізделген деген қорытынды
жасады. Бұл еңбектері үшін
Л.Полинг 1954 жылы Нобель сыйлығына ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: