4
Мидың құрылысы, бөлімдері
Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы
шамамен 1300-1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар
да кездеседі. Адамның дарындылығы мен
ақылдылығы мидың салмағына
байланысты емес. Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған (21-
сурет). Жұлыннан айырмашылығы – мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты
сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты
тұтас немесе ақ
затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан
өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің
өзара байланысы өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етіледі.
Мидың ішінде ми сұйықтығымен толтырылған қуыстар болады. Оларды
ми қарыншалары дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады.
Ол қорғаныштық ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды
реттеу қызметін атқарады.
Ми бөлімдері.
Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5
бөлімнен
тұрады: 1) сопақша ми; 2) мишық (артқы ми); 3) ортаңғы ми; 4) аралық ми;
5) алдыңғы ми сыңарлары (22-сурет).
1.
Сопақша ми
- жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың
төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау.
Жұлындағы сияқты,
сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.
5
Жұлыннан айырмашылығы - сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде
шоғырланып жатады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5-3 см. Сопақша мида бір
ми қарыншасы орналасқан.
Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді
жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тыныс алу, қан
тамырларын, асқорытуды реттейтін орталықтар орналасқан.
Жұлынға
қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.
Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер:
1) қорғану (жөтелу,
құсу, түшкіру, жас бөлу, көзді жыпылықтату); 2) тамақ (ему, жұту,
сөл бөлу, асқорыту бездері); 3) жүрек, қантамырлар (жүрек пен қан-
тамырлар жұмысын реттеу); 4) автоматты түрде
жұмыс істейтін ты-
нысалу орталығы өкпе жүмысын жақсартады; 5) есту ақпараттарын
басқарады.
Жұлын сияқты сопақша ми қозуды
жұлыннан мидың бөлімдеріне
өткізеді. Егер сопақша ми зақымданса тыныс алу мен жүректің тоқтауынан
адам тез өліп кетеді.
2.
Достарыңызбен бөлісу: