Мидың құрылысы, бөлімдері



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата02.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#132181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
анатомия кітап

Вегетативті жүйке жүйесі
Вегетативті 
жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды 
(26-сурет). Сондықтан оны кейде 
автономиялы 
(грекше «autos» - өз алдына, 
«nomos» - заң) жүйке жүйесі деп те атайды. Вегетативті жүйке жүйесі ішкі 
мүшелердің қызметінің бір-бірімен үйлесімділігін қамтамасыз етеді. 
Ағзадағы зат алмасуды, ішкі ортаның тұрақтылығын реттеп отырады. 
Ағзадағы түрлі бездердің, қантамырларының және лимфа тамырларының 
қызметтері де вегетативті жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Сонымен бірге 
вегетативті жүйке жүйесі қаңқа бұлшықеттерінің қызметін реттеуге де 
қатысады. Вегетативті жүйке жүйесінде рефлекстік доға 
үш нейрондық 
(сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш) байланыстан тұрады. 
Вегетативті 
жүйке жүйесінде қозу баяу жүреді, өйткені оның жүйке талшықтарыңда 
майлы қабығы бол-майды. Вегетативті жүйке жүйесінің қызметін ми 
қыртысының маңдай бөлігі реттеп отырады. Вегетативті жүйке жүйесі 
симпатикалық және парасимпатикалық деп 2 бөлікке бөлінеді. 
Симпатикалық 
(грекше 
«sympathes» 

сезгіш, 
қабылдағыш), 
парасимпатикалық 
(грекше «рага» — жанында, қасында). 
26-сурет. 
Вегетативті жүйке жүйесі: 
а) парасимпатикалық бөлігі; ә) симпатикалық бөлігі:



1 - ми;
2 - жұлын;
3 - мидан тарайтын жүйке;
4 - жүйке түйіндері;
5 - симпатикалық бөліктің орталығы;
6 - парасимпатикалық бөліктің орталығы 
Вегетативті жүйке жүйесі де орталық және шеткі бөлімдерге бөлінеді. 
Орталық бөлімдері ми мен жұлында болады. Шеткі бөлімдері ми мен
жұлыннан тыс жерлердегі жүйке бағанасында, жүйке түйіндерінде, 
өрімдерінде орналасады. 
Симпатикалық бөліктің орталығы жұлынның арқа сегменттерінде 
жүйке жасушалары шоғырланып орналасады. Шеткі бөліктеріне омыртқа 
жотасының екі бүйірінде орналасқан бір жұп симпатикалық бағана жатады. 
Симпатикалық бағанада 20-25 жүйке түйіндері бар. Жүйке түсіндері жүйке 
жасушаларының шоғырынан тұрады. Олардан құрсақ және жамбас қуысында 
орналасқан мүшелерге, ірі симпатикалық өрімдерге жүйелер тарайды. Құрсақ 
қуысындағы ең ірі өрімнің жүйке түйіндерінен құрсақ қуысындағы барлық 
мүшелерге жүйкелер таралады. 
Парасимпатикалық бөліктің 
орталығы ортаңғы және сопақша мида 
жұлынның сегізкөз сегменттерінде орналасқан. Шеткі бөлімі ішкі 
мүшелердің маңында не тікелей өзінде жүйке өрімдері түрінде кездеседі. 
Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелерінің қызметтері бір-
біріне қарама-қарсы түрде байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет