Мидың құрылысы, бөлімдері


Тынысалу мүшелерінің құрылысы



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата02.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#132181
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
анатомия кітап

Тынысалу мүшелерінің құрылысы
Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ 
алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы 
тынысалу кезінде оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның 
әрбір жасушасының жұмысы (бұлшықеттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің 
бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсаумен байланысты. Тынысалу тірі 
ағзаларға тән қасиет. 
Энергия органикалық заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап 
шығады. Тотығуға оттек жұмсалады. Ағзада оттектің қоры болмайды. Ағза 
тыныс алғанда оттекті қабылдайды, ыдырау өнімдері (көмірқышқыл газы мен 
су буы) ағзадан сыртқа шығарылады. Тынысалу мүшелері, қанайналым 
жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасында газ алмасуды қамтамасыз етеді. 
Органикалық заттардан энергия босау үшін оттек қажет. Тірі ағза үздіксіз 
тыныс алады. Адам оттексіз 1 минут та тіршілік ете алмайды. 
Тынысалу мүшелерінің құрылысы. 
Тынысалу жүйесіне - мұрын қуысы 
(кеңсірік), жұтқыншақ, көмекей (көмей), кеңірдек, бронхылар, өкпелер 
жатады (67-сурет). Өкпелерден басқасын ауа өтетін жолдар деп атайды. 
67-сурет. 
Тынысалу жүйесі:
1 - мұрын қуысы; 2 - жүтқыншақ; 3 - көмекей қақпак-шасы (бөбеніігі); 
4 - көмекей; 5 - кеңірдек; 6 - оң жақ өкпе; 7 - бронхылар; 8 - сол жақ өкпе; 9 - 
қабырғааралық бүлшықеттер; 10 - кеңірдек-тің жартылай шеміршекті 
сақиналары; 11 -- қабырға; 12 - көкет.


14 
Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы. 
Ауа танау тесіктері 
арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті-шеміршекті перде оң және сол 
жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан 
түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды. Онда 
көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасу-шалардан белінген шырыш шаң мен 
тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады. 
Кілегейлі 
қабықша 
қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қаптамырлардың 
әсерінен ауа біршама жылынып ары қарай өтеді. 
Қан жасушалары - лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды 
жояды. 
Кеңсіріктің жоғарғы жағында түрлі иістерді қабылдайтын иіс сезу 
жүйкелерінің ұштары орналасады. Мұрын қуысы ішкі танау тесігі арқылы 
жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақта асқорыту және тынысалу 
жүйелерінің жолы түйіседі. Тамақ жұтқыншақтан өңешке, ауа жұтқыншақ 
арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер 
жүйесіне жатады. (Асқорыту мүшелерін естеріңе түсіріңдер). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет