Мифологияға байланысты қалыптасқан табулар



Дата28.04.2022
өлшемі4,99 Mb.
#32592
түріОқулық
Байланысты:
Ы.Алтынсариннің оқытуға арналған оқулықтары


Ы.Алтынсариннің оқытуға арналған еңбектері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ ағартушысы Ы. Алтынсарыұлы еңбек жолының бастапқы кезеңінен-ақ, қазақ оқушысы үшін бұдан бұрын жазылмаған, мүлдем басқа оқулық құрастыру туралы мәселенің шешімін іздей бастайды. Ол орыс оқымыстылары құрастырған оқулықтар мен оқу-құралдарын негізгі бағдаршам ретінде пайдаланып, солардың негізінде қазақ оқулықтарын жазуға кірісті.

Ы.Алтынсарин

«Қазақтарға орыс тілін оқытудың бастауыш құралы» атты оқулығы


Ы.Алтынсарыұлы өз оқулықтарындағы мәтіндерді неғұрлым қазақ оқушысының ұғым-түсінігіне сай ете отырып, оқушының ұлттық психологиялық ерекшелігін басты назарда ұстады.Соның бірі де, бірегейі «Қазақтарға орыс тілін оқытудың бастауыш құралы» атты оқулығы

"Қазактарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы" - орыс графикасына негізделіп жасалған ең алғашқы оқулық. 1879 жылы Орынбор қаласында шыққан. Авторы Ы. Алтынсарин. Бұл орыс тілі грамматикасы қысқаша курсын қамтитын оқу құралы. Оқулықта жеті бөлім бар:


01 02 03
  • Нәрселердің аттары (зат есім).
  • 2) Зат-мақұлықтың қасиетінің аттары (сын есім).

  • 3) Есеп аттары (сан есім).

4) Местоимение деген сөздің бөлімі (есімдік).

5) Ақыры өзгерілмейтін сөздер (үстеу, демеу).

6) Предлог деген сөздің бөлімі (жалғау).

7) Глагол деген сөздің бөлігі (етістік)



Қазақ тілінде әдебиеттік оқу кітабын (хрестоматия) құрастыруды Ыбырай ерте ойластырды. Оған оқыған кезде – тіл үйіріп, ойды оятатын (құрғақ жаттауға негізделген араб-парсы тіліндегі кітаптарға қарсы) ана тілінде жазылған оқулық қажет еді. Оның құрастырған «Қазақ хрестоматиясы» осы талапқа лайық кітап болды.

Ы. Алтынсарыұлының «Қазақ хрестоматиясы» («Киргизская хрестоматия») 1879 жылы, бұдан 140 жыл бұрын Орынбор қаласында жарияланды. Автордың бұл оқулығы екі ғасыр бойына өзінің өзектілігін жоғалтпаған асыл мұраларымыздың бірі. Бұл оқулықтар арқылы Ы. Алтынсарыұлы артта қалған қараңғы халқының ауруына ем іздеп, сол емінің шипасын тапқандығына көзіміз анық жетті. Ы. Алтынсарыұлы халық сауатын ашу үшін оқулық таптырмас қазына екендігін терең түсініп, соған өз оқулықтарын жазу арқылы тікелей атсалысты.



01

02

Кітапты құрастыру кезінде автор екі мәселеге тоқталады:

«Қазақ хрестоматиясының» алғашқы және жалғыз әдебиеттік оқу кітабы екендігін ескере отырып, оның мектепке де, ересектерге де жарамдылығын қамтамасыз ету;

Кітапқа қазақ халқының тұрмысы мен ұлттық психологиясына жақын материалдарды мол енгізу.

Бұл хрестоматияға енгізілген шығармалардың көпшілігі Ыбырайдың өз еңбектері болатын. Оның шығармаларында оқуға, адамгершілікке, еңбекке баулуға шақыратын әңгіме, мысалдар молынан қамтылған.

Автор бүкіл ел-жұрт, кәрі-жас ақын-жыраулардың нақыл-насихатымен, халықтық-ауызекі педагогикамен сусындап келгенін есепке ала білді. Сондықтан оның «Хрестоматиясына» енген өлең, әңгімелері арқылы балалардың жас ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, ғылыми негізі бар оқулықтар жасады. Мұндағы әр алуан тақырыптағы әңгімелер де сол талапқа орай көлемі шағын болып құрылып, тәрбиелік мақсатқа қызмет етті.

Қазақ халқының алғашқы педагогы Ы.Алтынсариннің «Мактубат» (1899) атты еңбектері ‒ қазақ топырағындағы тұңғыш оқулық. Дарынды ағартушының оқулығы алғаш «Қырғыз хрестоматиясы» деген атпен шықты да, 1899 жылы «Мактубат» деген атпен қайта жарық көрді.



«Мактубат» еңбегі

Ғалым-педагог А.С.Сытдықовтың «Мактубатты» алғашқы балалар әдебиетінің үлгісі деп бағалауы өте дәл, анық баға. Бұл ‒ қазіргі бастауыш мектепке арналған «Ана тілі» оқулығының түпатасы. Ы.Алтынсарин бұл оқулығындағы мәтіндердің барлығы да баланы адамгершілікке тәрбиелеумен бірге, оның сөздік қорын молайтып, тілін дамытып, ой-өрісін кеңейтіп, халық тілін меңгеруге, әдеби тілдің нормасын бала бойында қалыптастыруға арналғандығын ескерсек, ағартушы-ғалымның мәтін арқылы бала тілін дамытудың негізін іс жүзінде асырудың көш басында тұрғанын көреміз.


Қорытынды


Қорытындылай келе, Ы. Алтынсарыұлы ұлты үшін осы білім жолына қызмет етті. Ол Ресей империясының «Орыстандыру» деп аталатын отаршыл саясатына жан-тәнімен қарсы болды. Бұған дәлел: Ы.Алтынсарыұлының артында қалған «асыл мұралары» – оқулықтары, қазақ балалары үшін ашқан ұлттық мектептері, қызмет пен мансапқа қызықпай, ұлты үшін еткен еңбегі.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет