Кілегейлі қабықтар катаральді түрде қабынады, асказан мен кейбiр iшектердің кілегейлі қабықтары өліеттенеді. Бауыр үлкейеді, жүректе қан ұйюлар байқалады, өкпесі қызарған әрі ісінген. Миы қанға толы,паренхимтозды мүшелерде дистрофиялык өзгерістер білінеді. Бронхтар мен бронхиолалар көбіктенген, қан аралас сұйықтыққа толы.
Емдеу және алдын алу шаралары.
Рационнан аспергилл штамдарымен зақымданған азыкты алып алып тастау керек. Адсорбенттер, кұстырғыштар, іш өткізгіштер береді. Сіресуге карсы тері астына 2-10,0 мл, 30 пайызды магний сульфатын, глюкоза егуге болады. Дәндердің тазалығын анықтау үшін натрий хлоридімен талдау жүргізеді. 4 кг. натрий хлоридін алып, оны 10 л. суға ерітеді. Алынған дәндерді осы дайындалған ерiтiндiге салады. Егер де кастауыш мүйізшелерi бар болса, онда олар судың бетіне шығады.
Фузариотоксикоз
Fusarium туысына жататын улы саңырауқұлақтардан зақымдалған азықты малға бергенде туатын улану. Фузариотоксикоз этиологиясында, саңырауқұлақ Fus. Sporotrichiella үлкен роль атқарады. Әртүрлі өсімдіктерде мекендейді. Көбінесе өсімдік дәндері зақымданады.
Ауруға ауыл шаруашылық малдары мен құстары бейім. Ірі кара және ұсак мал төзімді, тек қышқыл азықты (сүрлем, кызылша сығындысы) көп мөлшерде бергенде уланады. Ауруға жас және буаз малдар сезімтал келеді. Жылкыларда фузариотоксикоздан улану дәндi азыктарды бергенде жиi кездескен.
Fusarium туысының саңырауқұлақтары табиғатта кең тараған және кейбір түрлері бидайды жиi зақымдайды. Бидайдың зақымдалуына 18-27 С температура және бидай ылғалдылығы(20-25%) әсер етеді.
Улану себебі барлық азықтардың зақымдануына байланысты: сабан, шөп, дәндер, астық тұқымдастар ұны, құрама жем, кебек.
Өлтіре әсер ететін мөлшері: жылқыға 0,5-4,6 кг, ірі қара малға 0,5-4,8 кг, ұсақ малдарға 0,4-1,2 кг, шошқаларға 0,25-0,9 кг.
Клиникалық белгілері.
Жылқы мен ірі карадағы жіті және жітілеу түрінде, алғашқы белгілер орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Уланудың алғашқы күндерінде мал мазасызданады, тері сезімталдығы және рефлекстер жогалады немесе төмендейді, дененің алдыңғы бөлігінде бұлшықет дірілі байқалады. Ауру дами келе арткы бөлігі салданады. Жылқы жатқан жерінен тұра алмай қалады. Жүрек жұмысы бұзылады, тамыр соғуы жиілейді (жылқыда 100-1 минутта) және аритмия байкалады. Температурасы 0,5-7-ке төмендейді. Ішек карын жұмысы бұзылған. Ірі кара малда мес карын атониясы, ішек карын перистальтикасы күшейген. Жылкыда шайнау және жұтынуы қиындайды, ішек карын перистальтикасы бәсендеп, іш қату байқалады.Фузариотоксикоз кезінде канда өзгерістер болады. А.Е. Цветкованың мәліметтері бойынша эритроциттері 1-1,5 млн, лейкоциттер 200-ге дейін азайған. Шошкалар мазасызданады, азықты қабылдамайды, іші өтеді, кейде құсады. Кейбір жағдайда ойык жаралы стоматит калыптасып, басы, мойны ісінеді, кызыл дактар болады.