Асептикалық жағдайда дайындалатын, бөлшектенетін дәрілік заттарды құятын стерильденген ыдыстардың сақталу мерзімі 24 сағ. аспауы керек. Ірі сыйымдылықты баллондарды жуып болғаннан кейін ыстық бумен 30 мин. буландырып зарарсыздандырады. Кейін стерильді тығынмен немесе стерильді пергаментпен жауып, ыластанбайтын жағдайда 24 сағ. сақталады. Асептикалықк блок қызметкерлерінің санитарлық киімдері бикске салынып булау стерилизаторында 120°С температурада 45 мин. немесе 132°С 20 мин. стерилизацияланады. Кейін бикстерде 3 тәуліктен көп емес мезгілге сақталады. Қызметкерлердің аяқ киімдері жұмыс басталар алдында және жұмыстан кейін дезинфекцияланады, кейін жабық шкафтарда немесе жәшіктерде шлюзде сақталынады. Аяқ киімдер сыртынан 15 % хлорамин немесе 0,75 % хлорамин ерітіндісіне 0,5 жуу ұнтағы, болмаса 3% сутегі перекисі ерітіндісіне 0,5% жуу ұнтағы қосылған ерітінділермен 2 рет сүрту арқылы дезинфекцияланады. Сонымен қатар, аяқ киімдерді дезинфекциялау формалин ерітіндісіне немесе 40 % сірке қышқылына малынған мақтаны нашатыр спиртімен немесе негізбен нейтрализацияландырып салынған пакетте жүргізіледі.
66. Дәрілік заттардың микрофлорасы және стерильді емес ДЗ микробтық тазалығын арттыру жолдары. Дәрілік түрдегі микроорганизмдер белсенді және көмекші заттардың ыдырауына әкелуі мүмкін. Бұл препараттың емдік әсерінің жоғалуына, дәрілік түрдің сыртқы түрінің өзгеруіне, кейде улы өнімдердің пайда болуына әкеледі. Патогендік микроорганизмдерден айырмашылығы, көптеген сапрофиттер ферменттердің үлкен жиынтығына ие және әртүрлі заттарды, ақуыздарды, липидтердіжәне т. б. ыдырата алады. Дәрілік формалар мен препараттардың микробиологиялық тазалығының төрт санаты бар: 1) Инъекциялық, инфузиялық, көзгеарналғандәрілікнысандар, дененіңстерильдіқуысына, ашықжараларға, күйіктергеенгізілетінпрепараттар, жаңатуғаннәрестелергеарналғанстерильдіпрепараттар; 2) Жергілікті, трансдермальді, интервагинальді, ингаляцияғаарналғанжәнеқұлақ, мұрынқуысынаенгізілетінпрепараттар;