51. Тамақтаң алынатың жұғындаға жазылатың жолдама
52.Жұқпалы аурулардың берілу механизмдері мен жолдары және олардың сипаттамасы
Жұқпалы аурулар ең көп таралған аурулар болып табылады. Жұқпалы ауру жағдайларының едәуір бөлігі ауа-тамшылы жұқпалар тобына жатады, ең алдымен жіті респираторлық вирусты жұқпалар (ЖРВИ) мен тұмау.
Кейбір ауруларды бактериялар (күл ауруы, көкжөтел, туберкулез, қызамық, менингококтық жұқпа, гемофильді жұқпа), басқалары – вирустар (қызылша, қызамық, ЖРВИ, тұмау және т.б.) туындатады. Бірақ оларды ортақ жұқтыру механизмі біріктіреді – ауру қоздырғышы адам ағзасына дем алатын ауамен түседі. Көптеген жағдайларда жұқтыру жұқпаның көзі – адаммен тікелей байланыс кезінде ауа-тамшы жолымен беріледі.
Іс жүзінде, барлық ауа-тамшы жұқпалары температураның жоғарылауынан, тамақтың жыбырлауы, мұрынның бітуі, жөтел, бас ауруларынан, жалпы әлсіздіктен басталады, ал қызылша, қызамық сияқты инфекцияларда тері қабатында бөртпе пайда болады.
Ауа-тамшы инфекцияларының алдын алу спецификалы және спецификалы емес болуы мүмкін.
Ауа-тамшы жұқпаларының алдын алудың ең тиімді тәсілі - вакцинациялау.
Пневмококты, менингокты және гемофильді инфекцияларға, тұмауға, көкжөтелге, күл ауруына, қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке, туберкулезге қарсы иммундау профилактикалық егудің ұлттық күнтізбесінде белгіленген мерзімде салынады және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша осы инфекциялық аурулардан қорғайды.
Сондықтан да, екпеден бас тартпауға және ауырып қалу қаупіне жол беруге болмайды, бұл ең алдымен балаларға қатысты, себебі екпелердің көпшілігі бала жасында жүргізіледі.
Қазіргі уақытта тұмауға қарсы вакцинацияға үлкен мән беріледі, ол барлық халыққа ұсынылады, ал ең алдымен жұқтыру және ауыр асқынулары бар ауру қаупі бар қауіп-қатер топтарына ұсынылады. Бәрінен бұрын бұл балалар, қарт және әлсіреген адамдар, созылмалы аурулары бар науқастар, педагогтар, медицина қызметкерлері, қызмет көрсету саласының қызметкерлері.
Спецификалы емес алдын алу шаралары тамшылы инфекциялар жатқызуға болады мынадай:
егер отбасында науқас болса, оған жеке ыдыс-аяқ, күтім заттарын бөліңіз, жиі ылғалды тазалау жүргізіңіз және орынжайларды желдетіңіз;
науқас адаммен қарым-қатынас жасау кезінде тыныс алу органдарын маска немесе орамал арқылы қорғау керек;
тұмау және ЖРВИ-мен ауру жоғарылаған кезеңде адамдар көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болу керек;
қолды сабынмен жиі жуу – тек ішек инфекцияларын ғана емес, сондай-ақ, тамшы жұқпаларымен де ауруды төмендететіндігі дәлелденген тәсіл;
дәрумендер мен микроэлементтерге қажеттілікті қанағаттандыратын теңдестірілген, дұрыс тамақтану;
тұрақты дене белсенділігі, шынығу;
«ауа райына сәйкес» киім, өйткені салқындау иммунитетті төмендетеді;
орынжайларды жиі желдету, үнемі ылғалды жинау жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |