Микробиология ұғымы, мақсаттары, міндеттері, бөлімдері. мейірбике ісіндегі микробиологияның маңызы


Сіреспе қоздырғышы: морфология, физиология, зерттелетін материал, оны жинау әдістері, зертханалық диагностика әдістері



бет68/74
Дата11.01.2023
өлшемі0,89 Mb.
#60961
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   74
77. Сіреспе қоздырғышы: морфология, физиология, зерттелетін материал, оны жинау әдістері, зертханалық диагностика әдістері
Сіреспе ( tetanus ) - Clostridium tetani туғызатын ауыр жарақатты инфекция , сондай - ақ , жүйке жүйесінің зақымдануымен , тоникалық және клоникалық тырысу - құрысу ұстамаларымен сипатталады . Сіреспе қоздырғышын 1884 ж . Э.Николайер мен С.Китaзaтo ашқан .

Таксономиясы .


Тұқымдастығы : Bacillaceae


Туыстастығы : Clostridium


Түрі : Clostridium tetani


Морфологиясы . Ірі спора түзетін грам оң таяқшалар , перитрихтары бар , қатаң облигатты анаэроб , сапрофит . Сіреспе клостридияларында спораның орналасуы : терминальды , спорасы бар таяқша дабыл таяқшасына ұқсас болады . Жануарлар және адам ішегінен топыраққа түсіп вегетативті немесе спора күйіне түседі .


Дақылдандыру . Клостридиялар бос оттегіге өте сезімтал , етті - пептонды агарда және желатинде баяу өседі . Тығыз қоректік орталарда мөлдір немесе сәл сұрлау ұзынша беткейлік колониялар құрайды . Жартылай сұйық қоректік орталарда R - пішінді жасымықша дәндеріне ұқсас колониялар түзеді немесе « түбіт түйіні » тәрізді өседі . Споралардың түзілуі 2-3 тәуліктен кейін басталады . 4-6 тәуліктен кейін сұйық қоректік ортада вегетативті жасушалары ыдырап , тек қана споралары қалады .


Ферменттік белсенділігі өте төмен . Пероксидаза , цитохромоксидаза , оксидаза және каталазасы жоқ . Көмірсуларды ыдыратпайды , әлсіз протеолиттік қасиеттерге ие . Өсу үшін аминқышқылдарды ( гистидин , лизин , аргинин , изолейцин , валин , триптофан ) қажет етеді . Желатиназа және ренинтәрізді ферменттер бөледі . Осыған байланысты сүтті агарда колониялардың айналасында көлеңкелі аймақтар пайда болады . Сұйық қоректік орталарда күшті экзотоксин түзеді.


Экологиясы:Сіреспе өлім жітімдікті тудырады, барлық жерде кездеседі. Сіреспеге шалдығу жарақат алғанда тері мен шырышты қабаттарының ақаулары, күйген жерлері мен, операциялық жарақат арқылы ағзаға қоздырғаш енуінен пайда болады. Кіндіктің зақымдануыь кезінде нәрестерлерде сіреспе дамуы мүмкін, осыған байланысты антсанитарлық жағдайда туған нәрестелер дүние жүзінде 1 млн дейін қайтыс болды. Сіреспемен ауырғандар сау адамдарға қауіпті емес.


Микробиологиялық диагноз қою . Сіреспеге зертханалық диагноз қоюдың принципі - қоздырғышты немесе оның токсинін табу . Экспресс - талдау ретінде – сіреспе таяқшасын табу үшін жағындылар мен таңбалы - жағындыларды жарықтық микроскопта қарайды , ИФР - ны қолдануға болады . Зертханалық диагноз қоюдың негізгі әдістері : бактериологиялық , биологиялық . Микробиологиялық зерттеуі тек клиникалық диагнозды дәлелдейді . Сіреспе кезіндегі бактериологиялық әдіс мақсаты : таңу заттарының , параентеральді енгізілетін дәрмектердің стерильділігін тексеру , қоршаған ортаның ( топырақтың , ауаның ластану дәрежесін , сирек жағдайларда клиникалық диагнозды растау үшін қажет . Себіндіні байтылған сұйық қоректік орталары бар ( 0,03 % теогликоль немесе 0,08 % цистеин қышқылы қосылған ет немесе бауыр сорпасы ) екі пробиркаларға жасайды , 37 ° С - та , 18-24 сағат инкубациялайды . Бөлініп алынған таза дақылдың идентификациясын ферментативтік берілгендерге сәйкес жүргізеді . Сіреспе диагнозын қою кезінде биологиялық сынаманы қолдану мақсаты - зерттеу затынан экзотоксинді табу . Экзотоксинді тауып идентификациялауға мүмкіндік беретін реакция – сіреспеге қарсы антитоксикалық сарысумен тышқандарға қойылатын бейтараптау реакциясы . Сіреспе токсинін анықтаумен қатар домалақ терминалды орналасқан спорасы бар грам оң таяқшалар анықталса зерттелетін материалда С.tetani бар деген қорытынды жасауға болады . Сіреспеге диагноз қоюдың критерийлері : алдын ала қойылатын диагнозды клиникалық көрсеткіштері мен жарақаттан алынған жағындыны микроскопта қарау және ИФР нәтижелеріне сүйене отырып қояды ; нақты оң жауатты науқас ағзасынан патологиялық заттарды сұйық ортаға себу арқылы сіреспе токсинін табу арқылы береді ; Сіреспе микробын бөліп алып идентификациялау диагнозды растайды ( 96 сағат ) .


Иммунитеті . Кернеулі , ұзақ уақытқа созылады ( вакцина егумен байланысты ) . Ауырғаннан кейін жоғары деңгейлі иммунитет қалыптасады . Сіреспеге қарсы вакцина енгізілген анадан нәрестеге ұзаққа созылмайтын токсинге карсы пассивті иммунитет беріледі .


Емдеуі . Сіреспеге қарсы антитоксикалық сарысу немесе сіреспеге қарсы адам иммундыглобулині қолданылады .


Алдын алуы . Сіреспеге қарсы белсенді иммунитет жасауға қоданылатын препарат – сіреспелік анатоксин . Жоспарлы вакцинацияланатын контингент - үш айлық балалар . Құрамына сіреспелік анатоксин кіретін вакциналар : АКДС , АДС , секстаанатоксин . Сіреспеге қарсы жедел вакцинация жүргізілетін контингент : жарақат алған , күйген , үсік шалған ж / е т.б. адамдар . Сіреспеге қарсы пассивті иммунитет жасауға қолданылатын препарат : сіреспеге қарсы сарысу немесе сіреспеге қарсы адам иммундыглобулині ( ПСЧИ - СҚАИ ) . Сіреспеге қарсы сарысуды немесе СҚАИ - ді қолдануға көрсетулер : сіреспемен ауыратын , жарақат алған немесе күйіп қалған ж / е т.б. адамдарға енгізіледі ( жедел профилактика ) . Сіреспеге қарсы иммунды сарысуды бөлшектеп , Безредка бойынша енгізеді .


Жарақат үлкен болса дәрігерге міндетті түрде көріну қажет . Жарақатты хирургиялық жолмен өңдейді . Сіреспеден тұрақты қорғаудың әдісі арнайы сақтандыру болып табылады , ол жоспарлы сақтандыру ( анатоксин ) мен жедел иммунизациядан тұрады . Жедел белсенді иммунизациялау үшін егілген адамдарға , жарақат алғанда , күйікке және үсікке шалдыққанда , жануарлар тістегенде , ауруханадан тыс түсік ( аборт ) кезінде 0,5 мл сіреспелік анатоксинді енгізеді ; егілмеген адамдарға сіреспелік анатоксиннің 1 мл - ін және 250 ХБ мөлшерінде адамның иммундыглобулинін енгізеді . Адамның иммундыглобулині болмаған жағдайда дозалы сіреспеге қарсы 3000 ХБ гетерогенді сарысуды ( сынама қойғаннан кейін ) енгізеді .


Жасанды белсенді иммунитет құру үшін жоспарлы түрде АКДС және АДС немесе секста - анатоксин ( құрамында адсорбциялық сіреспелік анатоксин бар ) қолданады






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет