Микробиология ұғымы, мақсаттары, міндеттері, бөлімдері. мейірбике ісіндегі микробиологияның маңызы



бет15/74
Дата11.01.2023
өлшемі0,89 Mb.
#60961
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74
Термостат не ушін керек

Термостат — белгілі бір қалыпты жылулықты ұстап тұратын аппаратВирусологияда торша өсіндісін, тауық эмбриондарын өсіру, биохимиялық және иммунологиялық реакцияларды қою үшін пайдаланады

  1. Дисбактериоз, себептері, алдын-алу

Организмнің ішкі орта тұрақтылығын сақтайтын ең маңызды жүйелердің бірі – асқазан-ішек жолдарында, несеп-жыныс жүйесінде және тері жабындысында орналасқан қалыпты микрофлора. Олар қорғаныстық-бейімділік, зат алмасу-коректік және тағы басқа да функцияларды орындайды. Экзогенді және эндогенді факторлардың әсерінен аталған организмнің реттеуші механизмдері бұзылып, қалыпты микрофлораның сандық және сапалық өзгерістері орын алады, соңынан дисбактериоз құбылысы туындайды [1-3]. Дисбактериоз, дисбиоз немесе микробиоценоздың бұзылуы - ішекте орналасқан қозғалысты микрофлораның тепе-теңдігінің бұзылуымен сипатталатын синдром. Ересек адамның ішегінде резистенттік микрофлораның 500 жуық түрі кездеседі, анаэробтар аэробтарға қарағанда 10 есе көп және ішек флорасының 98 құрайды. Қалыпты кезде асқазан-ішек жолдарында олар әртүрлі пайдалы қызмет орындайды: организмде түзілмейтін витаминдерді синтездейді, ас қорытулық, зат алмасу –қоректік үрдістерге қатысады, жергілікті иммунитетті реттейді [4,5]. Ішек дисбактериозы кезінде қалыпты микрофлораның тепе-теңдігі бұзылады, кейбір микроорганимдердің саны азайып немесе жойылып, сирек кездесетін патогенді басқа түрлер (кандида саңырауқұлақтары протеялар, стафилакоктар және т.б.) пайда болады. Бұл кезде организмде жергілікті қабынулық үрдістер орын алады, ал қорғаныстық реакциялар әлсірегенде, эндогендік инфекция сепсис туғызуы мүмкін. Дисбактериоз көптеген асқазанішек, тыныс жолдары және басқа ағзалардың аурулары патогенезінде маңызды орын алады. [6,7]. Қалыпты ішек микрофлорасының тепе-теңдігінің бұзылуы келесі себептерден болады: асқазан-ішек жоларының қабынулық аурулары, созылмалы панкратит, иммунды жетімсіздік күйлер, цитостатиктерді, гормондарды антибиотиктерді ұзақ уақыт қабылдау, жастық өзгерістер, экологияның жайсыздығы, алкоголь, созылмалы стресстер және т.б. [8,9]. Дисбактериоздың нышандары 4 түрлі белгіден тұрады - іш өту, стеаторея, анемия, жүдеу [10,11]. Ішек дисбактериозын анықтау үшін пациенттің шағымдары, клиникалық тексерулер және нәжістің микробиологиялық зерттеу қорытындысы қажет. Көбінесе дисбактериоз нышансыз өтетіндіктен, микробиологиялық көрсеткіштердің шешуші маңызы болуы мүмкін. [12-14]. Дұрыс диагноз қою үшін, келесі микробиологиялық көрсеткіштерге көңіл бөлу керек: - бифидобактериялар саны қалыпты болған кезде, шартты патогенді микроорганизмдердің бір немесе бірнеше түрлерінің санының көбеюі - бифидобактериялар концентрациясының шамалы 1-2 қатарға; төмендеуінде, шартты патогенді микроорганизмдердің бір немесе бірнеше түрлерінің санының артуы; - бифидобактериялар мен лактобактериялардың сандық мөлшерінің, шартты патогенді микроорганизмдердің саны қалыпты кезінде төмендеуі; - бифидобактериялар санының  төмендеуі және ішек таяқшасының өзгерген түрлері мен шартты патогенді микроорганизмдердің жоғарғы концентрациясының пайда болуы. [15,16]. Анаэробты облигатты микроорганизмдер өкілдерінің санының азаюы, олардың жоғарғы антогонистік белсенділігінің төмендеіне әкеледі және шартты патогенді микроорганизмдердің дамуына қолайлы жағдайлар жасайды энтеробактериялар, стафилакокктар, кандида саңырауқұлақтары және т.б. [17]. Ішек дисбактериозы кезінде қалыпты анаэробты және аэробты микрофлораның ара қатынасы бұзылуы келесі белгілермен білінеді: - бифидобактериялар концентрациясының 1-2 қатарға төмендеуі; - лактобактериялар концентрациясының 1-2 қатарға төмендеуі; - қасиеті өзгерген ішек таяқшасы концентрациясының артуы; - қалыпты ішек таяқшасы концентрациясының төмендеуі; - басқа шартты патогенді микроорганизмдердің санының артуы [18]. Келесі патологиялық күйлер нәжістің микробиологиялық зерттеуін қажет етеді: - ұзаққа созылған ішек бұзылыстары; - дизентерия және басқа жедел ішек ауруларынан кейінгі созылмалы реконвалесценция кезеңі; - ұзақ уақыт антибиотиктер, иммунодепресанттар, химиопрепараттар, гормондар қабылдау және радиациялық факторлар әсер еткенде; - бактеремия және емделуі қиын іріңді қабыну ошағының болуы пиелит, холецистит, жаралы колит, энтероколит, созылмалы пневмония; - хирургиялық операциялардан кейінгі кезең; - емделуі қиын аллергиялық аурулар атопиялы дерматит, бронхиальды астма және т.б. [19-21]. Бір жасқа толмаған нәрестелерге келесі көрсетілімдерде нәжістерін микробиолгиялық түрде зерттеу керек: - жатырішілік инфекция; - ерте жасанды түрде тамақ беру; - емшек сүтін сіңіре алмау; - иммунды тапшылық күйлер; - жиі жедел респираторлы инфекциялар; - дене салмағының азаюы, физикалық дамудың тежелуі [22,23]. Аталған микробиологиялық зерттеуден басқа ішек дисбактериозы диагнозын қою үшін ішекті эндоскопиялық, рентгенологиялық тексеруден өткізу артық болмайды, себебі ішектегі полип, полипоз және басқа да ісіктер дисбактериозға ұқсас іштің қатуы, өтуі, метеоризм, іштің ауырсынуы және басқа нышандарды туғызады [24,25]. Сонымен қатар, дисбактериозды дәлірек анықтау үшін келесі зерттеу тәсілдері де қолданылады: ащы ішек сөлін аспирация жасап, құрамын зерттеу; көміртегімен тыныстық тестін жасау; несепте 5 гидроксииндолсіркесу қышқылының 5 НІАА деңгейін анықтау; глюкозо-сутегілік тыныстық тесті қолдану; гипопротенемиямен байланысты мальабсорбция ауырлық дәрежесін анықтау арнайы Д-ксилоза және С-клилоза тестері [26,27]. Ішек дисбактериозын емдеу жолдары бірнеше басты принциптерден тұрады: - диетаны қатаң сақтау; - тоқ ішектің микрофлорасын қалпына келтіру пробиотиктерді қабылдау; - антибиотиктерді бағытты түрде дұрыс пайдалану және ұзак уақыт қабылдағанда, ішек микрофлорасының тұрақтылығын сақтайтын препараттарды қоса қабылдау; - ішектің моторикалық қызметін қалпына келтіру, себебі оның жиырылуының жиілеуі іштің өтуіне, ал тежелуі іштің қатуына әкеледі; - функциональді қоректену тәсілін қолдану, яғни спазмолитиктер мен осмостық әсер препараттарын форлакс, мукофальк қабылдау; - организмнің иммунды жүйесінің белсенділігін арттыру; - психотерапевт кеңесін алу, себебі 10-20 ересек адамдарда дисбактериоз стресспен байланысты дамиды, ал дисбактериозбен ауырған науқастардың 75-де астения, депрессия және анорексия күйлерін табуға болады [28-30]. Ішек дисбактериозынның алдын алу қиын, көбінесе оның басталу себептерін жоюмен шектеледі. Оған экологияны жақсарту, антибиотиктерді және басқа да препараттарды дұрыс қабылдау, инфекциялық үрдістерді дер кезінде емдеу, дұрыс тамақтану, салауатты өмір сүру жатады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет