Байланысты: МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)
13.2. Иммундыбиологиялық препараттар (ИБП) 13.2.1. ИБП-лардың жалпы сыпаттамалары мен жіктелуі Иммундыбиологиялық препараттар күрделі құрамнан тұрып бірінен бірі тегімен, шығарылу тәсілімен, қолдану бағытымен ажыратылады. Бірақ, иммундық жүйе арқылы әсер етуі олдардың ортақ қасиеті болып саналады. ИБП-лардың әсер ететін факторлары антиген, антидене, микроб жасушалары, не олардың ыдыраған заттары, биологиялық делсенді иммундыцитокиндерге ұқасаған заттар болып келеді. Аталған факторларға әсер ету сапасын үдету үшін ИБП-ға басқадай заттар қосылуы мүмкін (стабилизаторлар, адъюванттар, консерваттар, витаминдер, адаптогендар).
ИБП–лар параентералды, пероралды (ауыз қуысы арқылы), аэрозолды және де басқадай тәсілдер арқылы қолданылады. Соған сәйкес олар әртүрлі формаларда, қолдану шарты және өлшемі көрсетіліп дайындалады.
Қазіргі заманда ИБП-ның бес топ түрі бар:
бірінші топ: тірі, не өлі микробтардан (бактерия, вирус, саңырауқұлақтар), немесе олардың құрамдық заттарынан алынған арнайы профилактика және емдеу үшін қолданылатын препараттар. Олардың қатарына тірі және инактивацияланған корпускілді, субжасаушылық вакциналар, анатоксиндер (токсоидтар) бактериофагтар, пробиотиктер жатады;
екінші топ: спецификалық антиденелерге негізделген ИБП-лар. Олардың қатарына иммундыглобулиндер, иммундысарысулар, иммундытоксиндер, фермент- антиденелер (абзимдер), рецепторлы антиденелер, мини-антиденелер кіреді;
үшінші топ: жұқпалы, жұқпайтын аурулардың иммундытапшылықтарын иммундыкоррекциялау, алдын алу және емдеуі үшін қолданылатын ИБП. Оларға жататындар: экзогендіқ иммундымодуляторлар (адъюванттар, кейбір антибиотиктер, антиметаболиттер, гормондар) және эндогендік иммундымо-дуляторлар (интерлейкиндер, интерферондар, айырша бездің пептидтері, миелопептидтер т.б.);
төртінші топ: адаптогендер: биологиялық кең белсенді, иммундық жүйеге әсер ету мүмкіншілігі бар өсімдіктер мен жануардан алынған, немесе тегі басқа күрделі құрлысты химиялық заттар. Женьшеннің, элеутетракоктардың басқа да өсімдіктердің сығындылары, тін лизаттары (ерітінділері), тағамға косылатын әртүрлі биологиялық қосындылар (липидтер, полисахаридтер, витаминдер, микроэлементтер т.б.);
бесінші топ: жұқпалы, не жұқпайтын аурулардың спецификалық, не бейспецификалық диагнозын қою үшін қолданылатын диагностикалық препараттар мен жүйелер. Олардың көмегімен антиденелерді, антигендерді, ферменттерді, метаболизм заттарын, биологиялық белсенді, бөгдетекті жасушаларды тағы басқаларды анықтауға болады.
ИБП–ларды зерттеу және жасап шығаруымен иммунологияның саласы иммундыбиотехнология шұғылданады.
Төменде ИБП -ның бес тобының әрбіреуінің сыпаттамасы келтірілген.