Микробиология



бет213/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   216
Байланысты:
МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)

Мукозальдық вакциналар. Соңғы кезде асқазан-ішек, тыныс алу, несеп-жыныс жолдары немесе кнъюктива арқылы иньекциясыз енгізуге болатын вакциналар шығаруға үлкен көңіл бөлініп отыр.Оларды мукозальдық вакциналар деп атайды. Мукозальды жүйенің ауданы 400м2 –ден көп, және де кейбір параметрлері бойынша лимфоидты жүйенің ерекше айырмашылықтары бар: мукозальды жүйенің лимфоидты тіндерінің массасы тимус,сүйек кемігі, көкбауыр және лимфа түйіндерінің масасынан (бәрін бірге алғандағы) едәуір жоғары; организмнің қартаю процесі барысында мукозальды және лимфоидты тіндердің функкциясы әлсіремейді. Патогендерден қорғайтын мукозальдық факторларға жасушалық тосқауылдар, шырышты қабаттарда орналасқан иммундық жүйенің арнайы жасушалары (CD-4 лимфоциттер, антиген спецификалық CD-8 лимфоциттер), секрециялық А иммунды глобулиндер жатады. Мукозальды вакциналар организмге енгізу жолы бойынша пероральды (оральды, энтеральды), интраназальды, интравагиналды, және перректальды деп бөледі. Мұндай препараттар антигенді керекті мөлшерде тиісті ағзаға жеткізуді қамтамасыз етуі, оны деструктивті процестерден сақтауы, енгізген жерде антиген ұзақ уақыт болуына жағдай жасауы керек. Қазіргі кезде мукозальды вакциналарды егу тәсілі екі бағытта дамып келеді: интраназальды және пероральды иммундау.
Вакцинаны парентеральды жолмен енгізуге қарағанда интраназальды мукозальды тәсілмен иммундаудың артықшылығы бар. Мұрын қуысына енгізу жеңіл және ол жер васкуляризацияланған, көптеген бүрлері (ворсинки) адсорбциялық үрдіс үшін үлкен беткейлік аудан болып табылады.Интраназальды иммундаудан кейін жергілікті әрі жүйелі иммунитет қалыптасуы байқалады.Интраназальды тәсілмен вакцина егу тұрғындардың үлкен тобын иммундауға қолайлы , қымбат емес және пациенттер үшін өте ыңғайлы. Оральды-энтеральды әдіспен вакцина егудін кейбір кемшіліктері бар.
Жасушалық вакиналар. Дендритті жасушалар (ДЖ) антигенпрезенттеуші жасуша ретінде адаптациялық иммунды жауапты индуцирлейді; үйлестіреді және реттейді.Сндықтан оларды жасушалық вакцина алу үшін пайдалану табиғи үрдіс болып табылады.Пациенттерден дендритті жасушаларды бөліп алып, оларды спецификалық антигенмен жүктемелеу вирустардың иммундық жауаптың әсерінен құтылып кетуін бейтараптаумен қатар, мақсатты түрде тиісті антигендерге қарсы антиденелер түзілуін қамтамасыз етеді. Дендритті жасушаларды вакцина ретінде пайдаланудың біраз қолайлы факторлары бар: олардың типшелерінің көп болуы; әртүрлі иммунды жолдары, екіншілік иммунды ағзаларда орналасуы, жетілу үрдісін реттеу мүмкіндігі; антигенмен жүктемеленген дендритті жасушаларды МНЖ (МНС) кластарының әрқайсысына немесе бәріне бірдей бағыттау мүмкіндігі.
Жетілген дендритті жасушаларды көбейтіп алуды моноциттерде жүргізуге болады. Ол үшін гранулоцитті- макрофагальды колониясын стимулдеуші фактор және ИЛ(IL)-4 жағдайда және қосымша факторларды енгізу арқылы бірнеше күн бойы дақылдандыру керек. Дендритті жасушаларды қаннан алуға болады, олар миелоидты және лимфоидты субпопуляциялардың өндірілу көзі болып табылады.Қанда олардың саны аз болғанымен,вакцинациялау мақсатында қолдануға жеткілікті.Дендритті жасушаларды антигенмен жүктемелеу жасушалар беткейіндегі МНЖ І және МНЖ ІІ –мен тікелей байланысуы үшін көбіне оларды пептидтермен бірге инкубациялау жолымен атқарылады. Альтернативті тәсіл ретінде дендритті жасушаларға рекомбинантты вирустық ақуыздарды, рекомбинантты вирустарды, ДНҚ- вакциналарды енгізу қолданылады. Жасушалық вакциналарды организмге енгізу әртүрлі жолмен атқарылады. Әрине, жасушалық вакциналар жаппай қолдану үшін емес, жеке адамдарды емдеуге арналған , және де жасушаларды дақылдандыру үшін арнайы жабдықталған зертхана болуы тиіс.
Вирустарға қарағанда қатерлі ісіктердің иммунды жауаптан құтылып кету мүмкіндігі әлде қайда күрделі болатындығына байланысты, онкологияда пациентті адресті спецификалық иммундық тәсілмен емдеу үшін жасушалық вакциналарды қолдануды кеңінен дамыту ерекше орын алады
Жасушалық вакциналарды қолданудың қызығушылық тудыратын басқа бағыты – аутоиммунды ауруларды емдеу үшін және трансплантация кезінде Т- реттеуші жасушаларды пайдалану болып табылады.
Соңғы жылдары медициналық тәжірибиеде жетілдірілген жаңа буынды вакциналар қолданыла бастады. Бұл вакциналардың өзіне тән артықшылықтары және кемшіліктері бар (13.5-кесте).

Кесте 13.5.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет