Микробиология


Интерферон индукторларының әсер ету механизмі



бет69/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   216
Байланысты:
МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)

Интерферон индукторларының әсер ету механизмі.Медициналық пайдалану үшін іріктеліп алынған препараттар әр түрлі пропорцияда IFNα, IFNβ, IFNγ синтезделуін индуцирлейді. Олар әртүрлі типті IFN-мен, иммундымодуляторлармен және химия-терапиялық дәрмектермен өзара жақсы әсерлеседі. Ерекше атап айту керек, оларды басқа препараттармен аралас енгізу синергиялық эффект туғызады. Клиникалық тұрғыдан төменгі молекулалық препараттар-циклоферон және амиксин, және де кейбір табиғи жоғарғы молекулалық және синтетикалық полимерлер-ларифан, ридостин, полудан, кагоцел ең перспективті болып табылады. Индукторлардың белсенділігі IFN белсенділігімен ұқсастығына қарамастан, олардың иммундық жүйеде өзіне тән «әсер ету нүктелері» болады. Мысалы, ең жиі зерделенген төменгімолекулалық ИИ-амиксин Т-лимфоциттермен IFN өндірілуін баяу жүргізеді, ал циклоферон В-лимфоциттермен IFN өндірілуін жылдам жүргізеді. Индукторлар IFN жүйесін «қосумен» бірге, бірқатар қабыну алдындағы (провоспалительные ) және қабынуға қарсы цитокиндер пайда болуын қоздырады. Осындай өте маңызды жағдай аталған препараттарды цитокиндік жүйенің биореттеушілері деп қарастыруға мүмкіндік береді. АИВ-инфекция үлгісінде анықталған: интерференциялайтын дефекті деп аталатын бөлшектер қалыптасады, олардың жасушаға жұғу қабілеті жоқ, бірақ индукторлар сияқты IFN синтезделуін тудыра алады, нәтижесінде вирустардың қалыпты көбеюі бұзылады.
Қазіргі кезге дейінгі жинақталған мәліметтер бойынша днРНҚ IFN индукторлары ретінде (ларифан, полудан, ридостин) көптеген жасушалар мен популяцияларда (гранулоциттер, нейтрофильдер, эндотелий жасушалары және фибробластар) IFN синтезделуін қоздыру қабылеті бар. Т-жасушалар көмекші жасуша ретінде макрофагтар бар болғанда IFN синтездейді. днРНҚ IFNα және IFNβ-ның белсенді индукторы болып табылады: лимфоцит дақылдарында олар негізінде IFNα-ның, ал фибробласт дақылдарында - IFNβ-ның синтезделуін индуцирлейді. Парэнтеральды жолмен енгізгенде днРНҚ көбінесе IFN-ды салыстырмалы түрде жоғарғы деңгейде синтездейді.
Жоғарыда келтірілген мәліметтер IFN-ң екі спиральды индукторларын поликлональды иммундыстимуляторларға жатқызуға мүмкіндік береді. Олар біріншілік иммунды жауап кезінде сарысулық АД деңгейін жоғарылатып гуморальдық иммунитетті күшейтеді, АД түзілудің индуктивті кезеңін қысқартады және АД-дің циркуляциялану уақытын созады. Олар онкогенді – спецификалық АГ-ді тасымалдайтын жасушаларға қарсы цитотоксикалық жауабын күшейту арқылы табиғи киллерлердің ( ТК – ЕК ) белсенділігін стимульдейді , және де алғышарт жасушалардан Т –жасушалардың дифференцирленуін күшейтеді және қан түзуші бағаналы жасушалардың санын көбейтеді. днРНҚ IFN –нан басқа да цитокиндердің ( мысалы IL-1)синтезделуін күшейтеді , және де жасушалардың өсуі мен дифференцирленуінің басқа факторларын стимульдеуі мүмкін.
Жоғарыда аталған эффектілердің жиынтығы осы класқа жататын қоспаларды дәрігерлік тәжірибеде қолдануға жарамды екенін ларифан , полудан және ридостинді пайдалану нәтижелері дәлелдеді.
Төменгі молекулалы индукторлар – акриданондар және флуоренондардың (циклоферон , амиксин) жоғарғы интерференцирлеуші белсенділігі бар , себебі осы препараттарды лимфоидты тіндерге бай ағзаларға енгізгенде оған жауап ретінде IFN титры күрт жоғарылаған. Бұл кезде IFN-ң Т – жасушалармен синтезделуі көмекші макрофактарсыз-ақ атқарылады. Олардың кең түрде әмбебап әсер етуі антивирустық белсенділігімен де сипатталады. Құрамында альдегидті топтар бар көптеген полифенолдардың (мегосин, кагоцел, саврац) вирустардың репликациялануын белсенді тежеу қабілеті бар . Олардың әсер ету механизмі вирустардың НҚ-ның пуриндік және пиримидиндік құрамаларымен реакцияға түсу қабылеттілігімен байланысты. Осы класқа жататын ИИ арасынан улық қасиеті өте аз және салыстырмалы түрде жоғарғы интерференцирлеуші қабілеті бар госсипол өнімдерінің тобы медицинада қолдану тапты. Бұл топтың ерекше сипаты – жасушалық популяциялардың кең спектрінің функциялық белсенділігін стимульдеу . Полифенолдар әр түрлі пропорцияда α/β IFN қоспасының синтезделуін индуцирлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет