Микробиология


Су, топырақ, тұрмыстық заттарды микробиологиялық бақылау



бет99/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   216
Байланысты:
МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)

6.4.1. Су, топырақ, тұрмыстық заттарды микробиологиялық бақылау
Су , топырақ, ауа және т.б. обьектілердің ластануын жалпы микробтар саны мен санитарлық- көрсеткіш микроорганизмдерді анықтаумен жүргізіледі.Адамдар мен жануарлардың бөлінділерімен ластанғанын көрсететін микроорганизмдер (индикптор) ретінде суда- ішек таяқшасын, ІТТБ (коллиформды таяқшалар ), энтерококтар, стафилококтарды; топырақта - ішек таяқшасын, ІТТБ ( коллиформды таяқшалар), перфрингенс клостридиясы, термофилдерді; тұрмыстық заттарда- ІТТБ, алтынды стафилококк, энтерококтарды анықтайды.
Санитарлық- көрсеткіш бактериялардың санын анықтау негізінде ІТТБ индексін ( 1 л судағы ІТТБ саны), перфрингенс титрді, энтероккк титрін және т.б. есептеп шығарады. Мысалы, судың энтерококк титтрі-бір энтерококк анықталатын судың ең аз мөлшері
Ішек таяқшасы тобындағы бактерияларға 370 С температурада 24-48 сағ. ішінде лактоза мен глюкозаны қышқыл мен газға дейін ашытатын және оксидаздық белсенділігі жоқ грам теріс таяқшалар жатады. Бұл көрсеткіш көбіне судың нәжістік ластануының индикаторы ретінде қолданылады. Нәжістік ластанудың тағы бір ұқсас көрсеткіші- жалпы колиформды бактериялар: оксидаза теріс таяқшалар, 370 С –та 24 сағ ішінде лактоза немесе маннитті ( глюкоза) альдегид, қышқыл мен газ түзіп ферменттйтін грам теріс таяқшалар. Соңғы терминнің орнына «Enterobacteriaceae тұқымдастығының бактериялары » терминін қолдану ұсынылады, себебі бұл тұқымдастық бактерияларының индикаторлық маңыздылығы бар. Enterobacteriaceae тұқымдастығының бактерияларына: лактозасы бар Эндо сияқты қоректік орталарда өсетін 370 С температурада 24 сағ ішінде глюкозаны қыщқыл мен газға дейін ферменттейтін грам теріс, оксидаза теріс, колиформды бактериялар (таяқшалар ) жатады.
Судың бактериалық ластануы рұқсат етілген нормадан жоғары болғанда, жаңадан қосымша нәжістік ластану көрсеткіштерін зерттейді. Мұндай бактерияларға:термотолерантты колиформды бактериялар, нәжістік ішек таяқшалары, 440 С температурада 24 сағ ішінде лактозаны қышқыл мен газға дейін ферменттейтін, циттратты ортада өспейтін таяқшалар жатады. Жаңадан нәжістік ластануды энтерококк анықталуы да дәлелдейді. Нәжіспен бұрыннан ластануды ІТТБ болмау және перфрингенс клостридиясының белгілі мөлшерінің анықталуы, яғни ең төзімді спора түзетін бактериялар болуы көрсетеді.
Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жағдайында ауыз судың микробиологиялық көрсеткіштерінің нормативі тиісті құжаттармен реттеледі:

  1. Судың жалпы микроб саны - 1 мл зерттелетін суда 100 микробтан аспауы керек.

  2. Жалпы колиформды бактериялар - зерттелетін судың 100 мл –де болмауы керек.

  3. Термотолерантты колиформды бактериялар -100 мл зерттелетін суда болмауы керек.

  4. Колифагтар- зерттелетін судың 100 мл –де анықталмауы керек (таңдақ түзу бірлігі бойынша есепке алу).

  5. Сульфитредуцирлеуші клостридиялар споралары- 20мл зерттелетін суда анықталмауы керек .

  6. Лямблия цисталары -50 мл зерттелетін суда анықталмауы керек.

Сонымен қатар, судың ластануы фекальді – оральді механизммен берілетін патогенді микробтарды анықтаумен бағаланады (энтеровирустар, энтеробактериялар, тырысқақ вибриондары және т.б.)
Топырақтың фекалдік және бұрыннан ластануын ІТТБ индексімен (1г. топырақтағы ІТТБ саны), перфрингенс – титрі (Clostridium perfringens анықталатын топырақтың ең аз мөлшері), ал кейде энтерококтар титрі бойынша анықтайды. Осындай көрсеткіштермен қатар топырақтың микробтар саны анықталады. Топырақтың тезек және компостпен ластануы термофилді бактерияның титрімен бағаланады:
1.ІТТБ титрі мен перфрингенс титрі күшті ластанған топырақ үшін –0,009 және төмен; таза топырақ үшін – коли-титр 1,0 және одан жоғары, перфрингенс титр- 0,01 және одан жоғары.
2.Термофилдер мөлшері (1г. топырақта; 600 С температурада дақылдандыру): таза топырақта -100-1000 , ластанғанда-1000-10000, ал күшті ластанғанда-100000-400000 колониятүзуші бірлік (КТБ) анықталады.
Қоғамдық тамақтану , дәріхана, емдік және балалар мекемелері сияқты обьектілерді санитарлық қадағалау үшін, қызметкердің қолынан, ыдыстардан, стол беткейінен, қондырғылардан және т.б. шайынды алып зерттейді. ІТТБ, патогенді энтеробактериялардың, алтынды стафилококтың, энтерококтың, Candida саңырауқұлақтардың санын анықтау үшін әр түрлі қоректік орталарға шайындыны себеді. Энтеровирустарды өз алдына анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет