Микробиология



Pdf көрінісі
бет29/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

ТӘСІЛДЕРІ МЕН ТЕХНИКАСЫ 
 
Микроорганизмдерді қоректік орталарға себу мен қайта себу 
тәсілдері.
Қоректік орталар микробтарды ӛсіру ҥшін қолданылады. 
Патологиялық материалдарды немесе микроб ӛсінділерін қоректік 
орталарға микробиологиялық ілмектер мен инелердің немесе пастер 
тҥтікшесінің кӛмегімен себеді. Қолданар алдында тҥтікшелер бу 
стерилизаторларында 
стерильденеді. 
Олардың 
жіңішке 
ҧшы 
дәнекерленген болуы керек. Тҥтікшенің екінші ҧшында мақтаның 
кішкене кесегі болады. Ол материалды ауызбен сорып алу кезінде
зерттеушінің ауыз қуысына микробтардың ӛтуіне кедергі болады. 
Тҥтікшелерді арнайы сауыттарға салып немесе оралған тҥрінде 
стерильдейді де, сол кҥйінде сақтайды. Қағазды тҥтікшелердің 
дәнекерленген жағынан ашады. 
Себу техникасы.
14-суретте кӛрсетілгендей ілмекті немесе 
тҥтікшені оң қолда, ал шыны тҥтікті сол қолда ҧстайды. Тығынды оң 
қолдың шынашағымен ҧстап, себетін материалды ілмек немесе 
тҥтікшенің кӛмегімен шыны тҥтіктен шығарады. Ілмекті стерильді 
қоректік орта қҧйылған шыны тҥтіктің ішіне енгізеді.
Қиғаш қатырылған тығыз қоректік ортаға
материалды ирек 
қозғалыспен таратады. Бір шыны тҥтіктен екінші шыны тҥтікке себер 
кезінде ілмекті қайта қыздырып алғаннан кейін шыны тҥтіктің ішінде 
суытады, сонан соң микроб ӛсіндісінен ҥлгіні алып, ілмекті сыртқа 
шығарады. Ілмектегі микробтардың массасын жалынның әсерінен 
сақтау қажет. Егер ілмек вольфрам сымынан немесе басқа баяу 
суытылатын материалдардан жасалса, онда ең әуелі ілмекті стерильді 
қоректік ортаға тигізіп, сонан соң ғана микроб ӛсіндісін алу керек. 
Ілмектегі қоректік ортаның жҧқа қабаты, тек оны суытып қана 
қоймайды, сонымен қатар микробтар жасушаларының зақымдалуының 
да алдын алады.
Шыны тҥтіктердегі 
тік қатырылған ЕПА-ға
шаншу арқылы 
микробтарды себу ҥшін микробиологиялық ине қолданылады. Ол 
қоректік ортаға ешқандай кедергісіз ӛтуге тиісті.
Микроорганизмдер қоректік ортада иненің шаншу жолында ӛседі. 
Микробтарды
ЕПС-на
себу ҥшін ілмекті шыны тҥтіктің тҥбіне дейін 
тҥсіреді де, ирек қозғалыспен ілмекті сыртқа алып шығады. Пастер 
тҥтікшесімен сҧйық материалды немесе сҧйық ортада ӛсірілген 
микроорганизмдерді алуға болады. 


35 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет