Микробиология


Зерттеуге алынған сынамаларды тасымалдау және сақтау



Pdf көрінісі
бет54/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Зерттеуге алынған сынамаларды тасымалдау және сақтау.
Сынамаларды алғаннан кейін стерильді ыдысқа (шыны тҥтік немесе 
флакон) салып, қақпағын жабады да, тез арада вирустардың 
инактивациялану 
процесінің 
тежелуін 
қамтамасыз 
ету 
ҥшін 
салқындатқыш қоспасы бар термостарға орналастырады. Салқындатқыш 
қоспа ретінде тең кӛлемдегі қҧрғақ мҧз (тығыз кӛмір қышқылы) бен этил 
спиртін алуға болады. Бҧл жағдайда температура минус 70ºС бірнеше 
тәулік бойы сақталады. Сондай ақ, мҧз (қар) мен ас тҧзының 3:1 
қатынасындағы 
қоспасын 
пайдаланған 
жағдайда 
термостағы 
температура минус 15-20ºС-ді қҧрайды. Сынамаларды ҧзақ сақтау ҥшін 
химиялық консерванттарды да қолдануға болады. Ол ҥшін зерттеуге 
алынған патологиялық материалды стерильді глицерин мен ас тҧзының 
85%-ды ерітіндісінің 1:1 қатынасындағы сҧйылтымына салады. 
Аталмыш қоспаны паренхиматозды органдар мен ҧлпаларды 
консервациялауға пайдаланады. Қҧрамында вирусы бар сҧйықтықтарды 
сақтауда глицерин ерітінділерін қолдану тиімсіз, әсіресе, ондай 
материалдарды 
зертханалық 
жануарлар 
организміне, 
тауық 
эмбриондары мен жасуша ӛсінділеріне жҧқтыруға болмайды. 
Глицеринмен консервацияланған патологиялық материалдар иммунды 
флюоресценция әдісімен зерттеу жҥргізуге мҥмкіндік бермейді. 
Сондықтан 
люминесценттік 
микроскоппен 
зерттеуге 
арналған 
патологиялық материалдан бір мезгілде, қосымша зат шынысының 
бетінде жағынды жасап, бекітіп жібереді.
Патологиялық материалдар салынған шыны тҥтіктер мен флакон 
сыртында материалдың атауы, қандай малдан алынғандығы туралы 
мәліметтер кӛрсетілген заттаңбасы (этикетка) болуы керек. Зерттеуге 
арналған сынамалар салынған термостарға картоннан немесе жҧқа 
тақтайдан жасалған бирка іледі. Онда шаруашылық атауы, мал тҥрі, 
материалдың тҥрі мен алынған кҥні кӛрсетіледі. Алынған патологиялық 
материалдар жануарлар туралы толық мәліметтер, шаруашылықтың 
эпизоотологиялық кӛрсеткіштері, жорамалданған диагнозы мен ауруды 


66 
жоюда қолданылған шаралары (емдеу, вакцина егу, т.б.), сонымен қатар 
сынамаларды алған мал дәрігердің аты-жӛні мен кҥні кӛрсетілген 
жолдама қҧжатпен бірге жӛнелтіледі. Зертханаға жеткізілген 
сынамалардан вирустарды бӛліп алу жҧмыстары тез арада жҥргізілуі 
керек. Егер әлде бір себептерден зерттеу жҧмыстары кейінге шегерілетін 
болса, онда материалдарды минус 40-70ºС температурада сақтау қажет. 
Қан, 
жҧлын 
сҧйықтығы, 
зәр, 
қырынды 
мен 
жҧтқыншақ 
шайындыларындағы вирустардың кӛпшілігі мҧздатуға шыдамай, тез 
арада белсенділігін жоғалтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет