85
Диплоиты жасуша өсінділері
–
in vitro
жағдайында 50-60 пассажға
дейін тіршілік ете алатын, морфологиялық жағынан біртекті болып
келген жасушалар популяциясы. Мҧндай жасушалар ӛсу кезінде
ӛздерінің кейбір қасиеттерін ӛзгертпейді. Диплоиды жасуша ӛсінділері
алғашқы жасуша ӛсінділерінен алынады. Олардың кариотипі тҧрақсыз,
сондықтан жасушалардың диплоидтық қасиеттерін ҧзақ уақыт сақтау
ҥшін сапасы жақсы фетальды қан сарысулары қосылған қоректік
орталарда ӛсіреді.
Диплоидты жасушалар адамдар мен жануарлар эмбриондарының
тҥрлі ҧлпаларынан алынады. Диплоидты жасушалардың басқа
жасушалардан (алғашқы және тҧрақты) артықшылығы: олар
ауыстырылмаған қоректік ортада 10-12 тәулік бойы тіршілігін сақтайды;
аптасына бір рет ауыстырылатын қоректік орталарда бір айға дейін
тіршілігін жоймайды; бҧл жасушаларда вирустарды ҧзақ уақыт бойы
ӛсіруге болады.
Тұрақты жасуша өсіндісі
– организмнен тыс жағдайда ҧзақ уақыт
бойы ӛсіп, кӛбейе беретін қасиеті бар, бір тҥрден алынған
жасушалардың тобы. Мҧндай жасушаларды ӛсу белсенділігі жоғары
алғашқы жасуша ӛсінділерін, белгілі бір режимде, бірнеше рет қайтара
себінді жасау арқылы бӛліп алады. Тҧрақты жасуша ӛсінділерінің пішіні
біркелкі, гетероплоидты хромосомалар жиынтығынан тҧрады,
in vitro
жағдайында бір қалыпты ӛседі, олардың кейбіреулерінің онкогендік
қасиеттері болады. Соңғы қасиеттерінің болуына байланысты, оларды
вакцина ӛндірісіне қажетті вирустарды ӛсіруге пайдаланбайды.
Тҧрақты жасуша ӛсінділерін жануарлардың сау және ісік
ҧлпаларынан алуға болады. Тәжірибеде жиі қолданылатын тҧрақты
жасуша ӛсінділеріне Hela (әйел жатыр мойынының ісік жасушалары),
Hep-2 (адам кӛмейінің карциомасының жасушасы), KB (ауыз қуысының
қатерлі ісік жасушасы), BHK-21 (жаңа туылған қалта ауыз бҥйрегінің
жасушасы), TR (сиырдың трахеясының жасушасы), L (тышқан
фибробласттары), шошқа эмбрионы бҥйрегі, бҧзау бҥйрегі, қой бҥйрегі
және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: