11.2.6. Трансплантациялық иммунитет Трансплантациялық иммунитет деп макроорганизмнің алмастырылған бөгде тінге (трансплантатқа) қарсы пайда болған иммунды жауабын айтады. Бұл процестің механизімін жетік білудің өте зор медициналық маңызы бар, өйткені тін немесе орган алмастырудың жетістігі сол механизімге байланысты.
Бөгде тін мен жасушалардың құрамында генетикалық жат антигендер болатындықтан оларға қарсы иммунды жауап туады. Ол антигендер трансплантациялық, немесе гистосәйкестік антигендер деп аталады. Олардың көпшілігі цитоплазмалық мембранада орналасқан. Бір ұрықтас егіздер арасында бірінен біріне тін немесе орган ауыстырғанда иммундық жауап болмайды, өйткені олардың антигендері генетикалық тұрғыдан бір тектес болып келеді.
Организм трансплантациялық бөгде антигендермен кездескенде жасушалық және гуморалдық иммунды фкторлар арқылы жауап қайтарады. Жасушалық иммунитеттің негізгі факторы Т-киллерлер. Олар ауыстырылған тінге көшіп онда цитотоксикалық әсер етеді.
Сонымен қатар, бөгде антигендерге қарсы құрылған спецификалық антиденелердің (гемагглютининтдер, гемолизиндер, лейкотоксиндер, цитотоксиндер) трансплантациялық иммунитет құрылуына зор әсері бар. Олар трансплантатты ыдырату үшін құрылатын реакцияны іске қосады.
Ауыстырылған тін немесе жасушалардың иммундық процестер арқылы зақымдануы екі сатыдан тұрады. Бірінші сатыда ауыстырлған заттың (трансплантаттың) айналасында иммундық жауап жасушаларының шоғырлануы байқалады. Екінші сатыда трансплантаттың ыдырауы басталып, бұл процеске Т-киллерлер, белсендірілген макрофагтар, табиғи киллерлер тағы басқалары іске белсенді қатысады. Процесті фагоциттер аяқтайды.
Трансплантатты бөліп тастау кезінде Т- және В-жасушалардың ақпаратты есте сақтаушы түрлерінің клоны құрылады. Сол жасушалар мен тіндерді қайталап ауыстыру кезінде шапшаң және қарқынды иммунды жауап қайтарылады.
Клиникалық көрнісіне сәйкес трансплант бөлініп тасталуының үш түрін ажыратады: жедел, аса жедел және ұзартылған мерзімді.
Жедел бөліп тастау - механизімі бірінші иммунды жауапқа сәйкес. Ем қолданбаған кезде бір жұма, не бір ай аралығында болатын иммундық жүйенің қалыпты жауабы.
Аса жедел бөліп тастау немесе бөліп тастаудың дағдарысы – екінші иммундық жауапқа негізделген трансплантациядан кейін бірінші тәуліктің арасында болатын көрніс. Өту механизіміне антиденелер, комплемент, қанды ұйытатын факторлар катысады. Сонымен қата, иммунды кабыну қан ұйыту жүйесі іске қосылады. Осы процестердің әсерінен трансплантант шапшаң ыдырап бөлініп шығарылады.
Ұзартылған мерзімді бөліп тастау - механизімі жедел түрге уқсас. Операциядан кейін емделген ауруларда бірнеше жылдар өткеннен кейін пайда болатын түрі
Сондықтан, тін, немесе орган алмастыру кезінде донор мен реципиентті гистосәйкестік антигендері бойынша қадағалап тексеру қажет.