9.1.3.Антигендердің жіктелуі Антигендердің алуан түрі олардың кейбір сипаттамалық қасиетіне негізделіп бірнеше топқа бөлінуі мүмкін:
- тегіне
- табиғатына
- молекулалық құрылысына
- иммуногендік дәрежесіне
- бөгделік дәрежесіне
- активтелу бағыттылығына және иммундық тітіркенуінің қаматамасыз етілуіне.
Тегіне сәйкес антигендер экзогендік (организмнен тыс пайда болған) және эндогендікке (ағзаның өзінде пайда болған) бөлінеді. Эндогендіктің арасында ерекше көңіл аударатындары ауто- және неоантигендер.
Аутоантигендер, не болмаса организмнің өз бойындағы меншікті антигендері дегеніміз- физиологиялық жағдайда организмде түзілетін құрылысы тұрақты молекулалар. Қалыпты жағдайда аутоантигендер иммундық жүйенің дамуы кезінде иммунологиялық толеранттықтың себебінен, не болмаса олардың иммундық факторларымен тікелей қатнасынуының жеткіліксіздігінен кедергінің арғы жағындағы құрылған антигендер. Қалыпты жағдайда бұл антигендер иммундық жұйені тітіркендірмейді. Толеранттық жоғалған кезде, немесе биологиялық кедергінің қалыптылғы бұзылған кезде (көбінесе жарақаттану себебінен) иммундық жүйеде аутоантигендер спецификалық тітіркендіру тудырып, иммунитеттің спецификалық факторларының (аутоантиденелер, аутотітіркенетін лимфоциттердің клоны) пайда болуына себепкер болады.
Неоантигендер – адам денесінің калыпты молекулаларының генетикалық өзгерістен (модификация) кейін бөгделік қасиетке ие болған заттар.
Табиғатына сәйкес: ақуызды (протеидтер), не бейақуызды (полисахаридтер, липидтер, липополисахаридтер, нуклиен қышқылдары т.б.) биополимерлер, молекулалық құрылысы бойынша: глобулиндік (молекуласы шар тәрізді) және фибриларлық (жіп тәрізді), ал иммуногендік дәрежесі бойынша құнды және құнсыз болып бөлінеді. Құнды антигендердің жоғарғы дәрежелі антигендігі мен иммуногендігі бар. Сезімтал организмнің иммундық жүйесі олардың еңгеніне антидене өндірумен жауап қайтарады. Әдетте ондай заттардың молекулалық салмағы (10 кДа жоғары) жеткілікті, үлкен көлемді молекуласы (бөлшек) глобула тәрізді, сонымен қатар, иммундық факторлармен тығыз байланысқа түседі. Құнсыз антигендер, немесе гаптендер ( терминді К.Ландштейнер ұсынған) керісінше, қалыпты жағдайда организмге еңгізген кезде иммундық жауап туғыза алмайды, өйткені оның молекулалық салмағы өте төмен. Бірақ, антигендік қасиетін жоғалтпағандықтан олар дайын, не түзілген иммунитет факторларымен өзіндік қатынасқа (антиденелер, лимфоциттер) түсе алады. Гаптендерге көбінесе төменгі салмақты молекулалар жатады (молекулалық салмағы 10 кДа дейін ). Белгілі жағдайда гаптенге иммунитет факторларын түзетін иммундық жауап беруге организмді мәжбүр етуге болады. Ол үшін жасанды түрде гаптенді үлкен салмақты ақуызбен тығыз байланыстырып, оның молекулалық салмағы ұлғайтады. Тасымалдаушы ақуыздың молекуласы шлеппер (нем.: schlepper – тіркеу арқаны) деп аталды. Осы жобамен түзілген коньюгат құнды антигендерге тән барлық қасиеттерге ие болып, ағзаға еңгізген кезде антидене мен лимфоциттердің клонын гаптенге қарсы қоса өндіреді. Бұл жағдайда коньюгаттың құрамындағы гаптен спецификалықты анықтаса, ал иммундогендігін тасымалдаушы ақуыз анықтайды
Коньюгаттардың көмегімен гормондарға, дәріге және басқа да төменгі молекулалы заттарға қарсы антидене дайындауға болады. Төменгі салмақты заттарға қарсы түзілген антиделерді негіздеп алынған диагностикумдар, диагностикалық жыйнақтар мен иммундысорбенттер лабораториялық диагноз қоюдың, фармакологиялық емдеудің мүмкіншілігін кеңейтіп, және де аса таза биоорганикалық қосындылардың синтездеп алынуын жеңілдетті.
Бөгделік дәрежесі бойынша: ксено-, алло-, изоантигендер бар. Ксеногенді антигендер (не гетерологиялық)- эволюциялық даму сатысының ерте мезгілінде құрылған, әр түрге жататын жануарлардың организміне ортақ..Осындай антигендердің бар екенін 1911 жылы Д.Форсман ашқан еді. Форсман орқоянға теңіз шошқасының органдарынан алған суспензияны еккен. Соның нәтижесінде алынған иммундық сарсудың тек қана теңіз шошқасының антигені емес, сонымен қатар қойдың эритроциттерімен агглютинацияға түсу қабылеті бар екені анықталған. Кейінірек, қой мен теңіз шошқасында қайшылас тітіркендіру беретін құрылысы ұқсас антигендік детерминанттар бар екені дәләденген. Бара бара ондай антигендердің саны қеңейіп ондаған және жүздеген жылықанды мен суыққанды жануарлар, өсімдіктер және микробтар арасында да бар екені мәлімделген. Олардың барлығы жалпы айтқанда Форсман антигендері деп аталды. Қазіргі уақытта Форсман антигендеріне тарихи көзқараспен қарайды, ал гетероантигендерді зерттеу, соттық-медицинада, палеонтологияда, және де медицина мен табиғаттануда кең қолданылады.
Аллоантигендер - генетикалық туыс емес, бірақ бүр түрге жататын организмдерге ортақ заттар. Аллогендік антигендерді негіздеп организмдердің жалпы популяциясын жеке топтарға бөлуге болады. Аллоантигендердің мысалы ретінде адам қанының топқа бөлінуін (АВО жүйесі т.б.) келтіруге болады.
Трансплантация кезінде аллогендік тіндер біріне-бірі сәйкес келмесе, олар реципиентпен ерітіледі, не ағзадан шығарылады. Микробтар топтық антигендерінің негізінде серологиялық жіктелуі мүмкін. Оның микробиологиялық диагнозды (мысалы, Кауфман-Уайт бойынша сальмонеллаларды жіктеу) қоюда және эпидемиологиялық болжауда өте зор маңызы бар.
Изогендік антигендер (дербестік)-генетикалық ұқсас ағзаларға, мысалы бір атадан туған бірұрықты егіздерге ортақ.. Олардың арасында тінді (изотрансплантант) бірінен біріне ауыстырғанда оның толық иммунологиялық сәйкестігі болғандықтан реципиентпен бөлініп шығарылмайды. Мысал үшін адам арасындағы гистиосәйкестік, ал микробтарда өзгермейтін типтік антигендерін келтіруге болады.
Дербес организмнің белгілі анатомия-морфологиялық құрлымдарында (мысалы-ағза,орган, тін) тек қана өзіне тән, басқа органдар мен тіндерде кездеспейтін антигендер болады. Мысалы, қатерлі ісікті эмбрионалды антигендер (альфа-фетопротеин, трансферин). Ондай антигендер жалпы органдық және тіндік спецификалық деп аталады.
Белсендірілу бағытын және антиген еңгенге толық жауапты тітіркенуді қамтамасыз етуі антиген жіктелуінің жеке көрсеткіші болып табылады. Заттың физика-химиялық қасиетіне, организмге ену жағдайына, макроорганизмнің реакциясы мен тітіркенушілігіне байланысты иммуногендер, толерогендер және аллергендер болып бөлінеді.
Иммуногендер ағзаға түскен кезде иммундық жүйенің жемісті реакциясын тудырып, иммундық факторлардың (антидене, антиреактивті лимфоциттердің клоны) бөлініп шығарылуымен айғақталады. Клиникалық тәжірибеде иммуногендер иммундыдиагностика, иммундық емдеу және бірталай патологиялық жағдайлардың иммунды алдын алу үшін қолданылады.
Толерогеннің иммуногенге керісінше қасиеті болады. Ол жүре келе пайда болған иммундық жүйемен кездекен кезде альтернативті механизмдердің іске қосылуына себепкер болып, иммунологиялық толеранттылық, не болмаса эпитопқа жауап бермеушілікті тудырады Толерогендер міндетті түрде коллоидтық ерітінділердің мономерлік, төмен молекулалық салмақты, жоғары дәрежелі эпитоптық тығыздығы және дисперстігімен сипатталды. Иммунологиялық бұзылыстардың, аллергияның алдын алу және емдеу мақсатында толерогенді жеке антигендерге жасанды жауап бермеушілікті тудыру үшін қолданады.
Аллерген жүре келе пайда болған иммундық жүйенің жұмысына әсер етеді. Бірақ , иммуногенен өзгешілігі бар, оның әсері организмде гиперсезіталдықтың жедел, не баяу түрін тудырады. Сипаты бойынша аллергеннің толерогеннен айырмашылығы жоқ.. Клиникалық тәжірибеде аллергендер инфекциялық және аллергиялық аурулардың диагнозын қоюға қолданылады. Т-лимфоциттердің иммундық жауапқа қатынасуын бағыттауына сәйкес антигендер екі топқа (Т-тәуелді және Т-тәуелсіз антигендер) бөлінеді. Организмге Т-тәуелді иммуногендер еңген кезде иммундық жауап міндетті түрде Т-лимфоциттердің (Т-хелперлер) қатынасуымен жүреді. Т-тәуелдіге белгілі антигендердің үстем бөлігі жатады. Сонымен қатар, Т-тәуелсіз антигендерге иммундық жауап пайда болу үшін Т-хелперлердің қатынасуы керек емес. Осындай антигендердің В-лимфоциттердің антидене түзуіне, олардың түрге бөлінуі мен көбеюіне, және де айырша безсіз жануарлардың иммундық жауап беруіне ынталандыру мүмкіншілігі бар. Басқаларға қарағанда Т-тәуелсіз антигендердің құрылысы қарапайым. Олардың молекулалық салмағы 103 кДа-нан жоғары, поливалентті, реттілігі біркелкі қайталанатын, көпсанды, бір типтес эпитоптары бар. Т- тәуелсіз лимфоциттердің митогендік әсері болады және олардың поликлоналдық реакция тудыру қабылеті бар. Мысал ретінде флагеллиннің полимерлік түрін (жыйырылатын талшықтың ақуызы), туберкулинді, Д-аминқышқылының сополимерін т.б. келтіруге болады.
Т-тәуелсіз антигендерден суперантигендерді ажырату керек. Бұл термин, негізінде микробтық тегі бар, бейспецификалық поликлоналды реакция тудыратын заттардың бір тобын белгілеу үшін қолданылған. Суперантигеннің бүтін молекуласы организмде антигеннің табиғи өңделуін айналып өтіп Т-хелперлер мен антиген-презенттеуші жасушалардың кооперациясына араласуға және «меншік-бөгде» тануды бұзуға қабылетті. Суперантигеннің молекуласы жасушааралық МНС11 сыныбының антигені- Т-жасушалық рецептор кешенімен өзінше спецификалы байланысады және бөгде заттылықты тануға арналған жалған сигналды қалыптастырады. Бейспецификалық белсену процесіне бір мезгілде Т-хелперлердің орасан зор саны (бар өлшемінің 20 пайызынан астамы) қатысады, цитотоксиндердің өндірілуі күшейе түседі, содан кейін лимфоциттердің поликлоналдық белсенділігі қосылып, апоптоздың зардабынан олардың өлімі кең жайылып, екіншілік функционалдық иммундық тапшылық пайда болады.
Бүгінгі күнде суперантигендік қасиет стафилококтардың энтеротоксинінде, Эпштейн- Барр, құтыру, АИВ –вирустары ақуызында және де кейбір микробтардың басқа құрама заттарынан табылған.