9.1.5.2. Вирустардың антигені Вирус бөлшегінің құрылысында бірнеше түрлі антигендер тобы бар: ядролық («өзектік») капсидтық (қабықтық) және суперкапсидтық.. Кейбір вирус бөлшегінің қабықғының бетінде ерекше V-антигендер-гемагглютинин және нейраминидаза ферменті кездеседі. Вирус антигендері шығу тегіне байланысты жіктеледі. Оның ішіндегі бір бөлігі-вирусоспецификалық. Олардың құрылысы туралы ақпарат вирустың нуклеин қышқылында орналасқан. Вирус антигендерінің басқа түрлері қожайын жасушасының құрамдас заттарынан тұрады (көмір сутегі, липидттер), олар вирустың жаңа бөлшегі бүршіктеніп құрылыуы кезінде вирустың сыртқы қабығымен қамтылып ұсталуына байланысты қалыптасады.
Вирустың антигендік құрамы оның құрылысына байланысты. Құрлысы қарапайым вирустардың антигендік спецификалығы рибо- және дезоксирибонуклеопротеидтермен тәуелді. Ол заттар суда жақсы ерітелетіндігінен S-антиген (лат. solutio-ерітінді) деп аталады. Құрлысы күрделі вирустардің антигендерінің бір бөлімі нуклеокапсидпен байланысты болса, ал басқасы сыртқы қабық суперкапсидте орын тапқан.
Вирустардің көбінің антигендеріне жоғары дәрежелі өзгергіштік тән. Ол вирустың генетикалық аппаратында үнемі өтіп отыратын мутациялық процестерімен байланысты. Мысал ретінде тұмау және АИВ вирустарын келтіруге болады.
9.1.6. Антигендер макроорганизмге енген кезде болатын процестер. Антигендердің организмге енуі және олардың иммундық жүйемен кездесуі сатылап өтіп, біраз мерзімге созылады. Антиген ағзаға кірген және тараған кезеңдерінде иммунитеттің организмде кең тараған әр түрлі факторларының қуатты қарсыласуымен үнемі кездесіп отырады.
Антигеннің организмге енуі мен тарауның әр түрлі тәсілдері бар. Олар организмнің өз бойынан (эндогендік шығу тегі), не тыстан (экзогендік шығу тегі) тарауы мүмкін. Шығу тегі бойынша экзогендік антигендер организмге мынандай жолдармен енуі мүмкін:
1) тері және шырышты қабықша арқылы (жара, микрожарақат, жәндік шағуы, қасыну т.б.);
2) ішек-қарын жүйесі арқылы сіңірілуі (эпителиалдық жасушалардың эндоцитозы);
3) жасуша арасындағы саңлау арқылы (аяқталмаған фагоцитозда, не болмаса жасуша ішінде өсетін облигаттық паразиттердің көмегімен);
4) тікелей жасуша арқылы (жасуша арқылы тарайтын облигатты паразиттер, мысалы-вирустар).
Антиген организмде лимфа (лимфогендік жол) және қанмен (гематогендік жол) басқа ағзаларға, тіндерге тарайды. Антигеннің организмге тарауы белгілі бір ретпен жүреді, ол көбінесе лимфа түйіншектерінде, бауырдың лимфоидтық тінінде, көк бауырда, өкпеде және басқа ағзаларда сүзіліп, сол жерлерде иммундық қорғаныс факторларымен қатынасқа түседі. Ол факторлардың жауабы ретінде антигендер бейтараптанып организмнен тысқа шығарылады. Бұл процесс жүрген кезде бірінші күрес бастаушы тұқым қуалайтын иммунитеттің факторлары болады, олардың күрделігіне және де әр түрлілігіне қарамастан белсенділігін арттыруына ұзақ уақыт керек емес. Егерде антиген 4 сағаттың арасында бейтарапталып тысқа шығарылмаса, онда иммунитеттің жүре пайда болған жүйесінің факторлары іске кіріседі. Олардың әсерінің нәтижелігі «өзімдік-бөтен» спецификалықты тану және де реттеуші әрі иммундық қорғау факторларын (спецификалық антидене, антиген, реактивті лимфоциттердің клоны) бөліп шығару арқылы қамтамасыз етіледі. Процеске қатысу дәрежесіне қарамастан макроорганизмнің иммунды қорғанысының барлық буыны мен деңгейінің ақтық тиімділігі мыналарға бағытталған:
1) антиген молекуласының белсенді учаскесін байланыстыру;
2) антигенді бұзу, не бөліп тастау;
3) толық ыдырату, оқшаулау (капсуламен қоршау), не болмаса антигеннің қалдығын макроорганизмнен шығару.
Айта келгенде гомеостаз толық немесе жартылай қалпына келтіріледі. Сонымен қатарласып иммундық еске сақту, толеранттық, немесе аллергия пайда болады.