Микробиология


Иммундық жауапты супрессиялау



бет152/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   216
Байланысты:
мед.микробиология 1 часть каз

9.2.2.3. Иммундық жауапты супрессиялау
Иммундық супрессиялау физиологиялық жағдайда иммундық жауапты керек кезінде аяқтауға бағытталған калыпты реакция, және де организм бөгде антигеннен арылғаннан кейін антидене синтездейтін жасушалардың шамадан тыс өсіп кетуін тежеу үшін жүретін процесс. Иммунды супрессияның үш түрлі механизмі бар:

  1. апоптоз арқылы иммунды жауапты жасушалардың клонын жою;

  2. цитокиндер арқылы иммунды жауапты жасушалардың белсенділігін бәсеңдету;

  3. антигендік ынталандыруды тоқтату.

  4. Апоптоздық элиминациялану төменгідей жасушалар тобына бағытталған:

  5. өзінің биологиялық бағдарламасын атқарған терминалды дифференцияланған лимфоциттерге;

  6. антигендік түрткі алмаған белсендірілген лимфоциттерге;

  7. «тозған» лимфоциттерге;

  8. аутореактивті жасушаларға.

9.2.2.4. Иммундық жүйенің клондық құрылысының онтогенезі
Иммундық жүйенің дамуында нақтылы екі кезеңді бақылауға болады. Біріншісі –антигентәуелсіздік. Ол кезең нәресте іште жатқан уақыттан перзент туғаннан кейінгі біраз мезгілді қамтып, кей кезде мұндай процестер өмір бойы созылады. Бұл кезеңде жүйелі жасушалар жетіліп, антигенспецификалық лимфоциттердің түрлі клондары пайда болады.
Екнші кезең - нәресте дүниеге келгеннен басталып өмір соңына дейін созылады. Бүткіл өмір сүру уақыты бойы иммундық жүйенің жасушалары айналадағы қоршаған ортаның антиген әлемімен «танысады». Биологиялық тәжірибе нығайған сайын иммундық жүйенің құрылыс құрамдары жетіліп реттеліп отырады.

10 ТАРАУ. Иммунды жауап қайтарудың негізгі түрлері
Иммундық жүйе өзінің биологиялық міндетін барлық құрылымдық және функционалдық элементтердің қатынасуымен, өзара байланысқан күрделі реакциялармен іске асырады. Нақтылы көрнісіне байланысты бұл кешенді жеке түрлерге бөлуге болады. Антидене синтездеу, иммунды фагоцитоз, жасушалар арқылы өтетін киллинг, гиперсезімталдық көрініс, иммунды есте қалуды құру, иммунологиялық толеранттықты қалау - олардың негізгі түрлері болады.
Иммундық жүйенің барлық жасушаларының белсендірілуінің механизмі бірдей және олардың барлығы бір мезгілде организмнің гомеостазы өзгергенін сезеді. Бірақ, атқаратын міндеттеріне сәйкес кейбіреуі қарқынды белсендіріліп басты рөлді атқарса, екіншілері істі жемісті атқармауы мүмкін. Мысалы, токсикоинфекциялық ауруларда (сіреспе, ботулизм, күл) көбінесе антитоксин антиденелері пайда болса, кейбіреуінде (туберкулез) антиденелердің еш пайдасы жоқ, сондықтан бұл жағдайда қорғаныс міндетін жасушалық иммунитеттің факторлары (Т-киллерлер, табиғи киллерлер, фагоциттер т.б.) атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет