лейко- және тромбоцитопения, гемоглобин және гематокрит көрсеткішінің төмендеуі;
кейбір бауыр ферменттерінің деңгейінің, билирубиннің, қан сарысуының сілтілі фосфатазасының артуы;
тырысу синдромы, галюцинация, бас айналу, депрессия, ашушаңдық, церебральдық функцияның бұзылуы;
шеткейлік нерв жүйесінің бұзылуы, парестезия, нейропатия, тремор, сезімталдылығының жойылуы;
протеинурия, альбуминурия, сирек жағдайда- мочевинаның, кератининнің, қан плазмасында несеп қышқылының жоғарылауы.
Аталған жанама жағдайлар IFN қабылдауды тоқтатқанда жойылады.
Қарсы көрсеткіштер:
IFN – ға жоғары сезімталдық.
Жүрек – тамыр жүйесінің ауыр кеселдері ( бауырдың декомпенсирленген циррозы, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі).
Қалқанша без аурулары.
Қояншық (эпилепсия), психикалық аурулар.
Жүктілік және емізу кезеңдері.
Қан түзілу депрессиялары (лейкопения, тромбоцитопения).
IFN-ң едәуір дозасын ұзақ уақыт пайдаланғанда аталған қарсы көрсеткіштерді ескеру қажет.
5.6.3. Интерферондардың индукторлары (ИИ) Олардың антивирустық белсенділігінің (этиотропты әсері) диапазоны өте кең және айқын иммундымодулирлеуші қасиеті бар (5.11, 5.12, 5.13-кестелер).