ИМ 5.18-кестеде келтірілген кең таралған инфекциялардан басқа бірқатар вирустық ауруларда қолданылады:
полиомиелиттен кейінгі асқынулар;
ЛОР ағзалардың жұқпалы-қабыну аурулары;
қызылша;
құтыру;
этиологиясы әртүрлі энцефалиттер;
кеңірдек папилломатозы;
склероздаушы жеделдеу панэнцефалит;
жедел және созылмалы іріңді-қабыну аурулары;
жасушалық иммунитетінің төмендеуі болатын иммундытапшылық жағдайлар;
вирустық инфекциядан кейінгі бактериялық асқынулар.
Профилактикалық мақсатта қолдану. ИМ тобына жататын препараттарды ересектер мен балалар арасында жедел және созылмалы вирустық инфекциялардың алдын-алу үшін ұсынуға болады. Жұқпалы аурулардан, ауыр операциялардан, қатерлі ісіктерді сәулемен және химиопрепараттармен емдегеннен кейін болуы ықтимал асқынулардың профилактикасы үшін, вирустық инфекциялар кезіндегі екіншілік иммунды-тапшылықтың алдын алу үшін ИМ-ды пайдаланған тиімді.
Басқа препараттармен өзара әсерлеседі: иммунитеттің Т-жасушалық звеносын стимульдейтін IFN –ның екіспиральды индукторларымен; іріңді және септикалық үрдістерді, лимфопролеративтік ауруларды, ұмытшақтық склерозды ж.б. емдеу кезінде дәстүрлі қолданылатын химиялық препараттармен.
Иммундымодуляторлар қолданғанда болуы мүмкін жанама құбылыстар: аллергиялық реакциялар;
гранулоцитоз, лейкопения;
дене температурасының көтерілуі;
диспенсиялық бұзылыстар;
бас ауруы, бас айналу
Қарсы көрсеткіштері: жүктілік және емізу кезеңі;
жедел коронарлық жетіспеушілік (недостаточность);
сүйек кемігінің қатерлі ісіктері, лимфогранулематоз;