сары немесе қоңыр түске (аммиактың мөлшеріне байланысты) боялады. Несслер реактиві екі ерітіндінің
қоспасы болып табылады: а) калий йодиді мен сулеме (алисапен) және б) 50% КОН ерітіндісі.
Микробтардың
редукциялау қасиеттерін зерттеу қоректік орталарға құйылған органикалық
бояулардың (метилен көгінің, малахитті жасылдың, бейтарап қызылдың және т.б.) түсінің өзгеруін
анықтауға негізделген. Қоректік орта ретінде көбінесе сүт қолданылады. Зерттеуге арналған өсіндіні
бактериологиялық ілмектің көмегімен бояуы бар қоректік ортаға себеді де, термостатта 24 сағат бойы
ұстайды. Микроб ферменттерінің әсерінен бояу түссізденеді немесе оның бастапқы түсі өзгереді.
Минкевич қоректік ортасында микробтардың редукциялау қасиеттерін анықтау. Минкевич
ортасы – лакмус тұнбасы бар сүт. Микробтардың өсіндісін термостатта 10 күн бойы ұстап, күнде тексеріп
отырады. Лакмустың редукциялануы сүттің толық ағаруымен дәлелденеді. Микробтардың қышқылды
немесе сілтілі өнімдерді түзу қасиеттері де осы қоректік ортада анықталады. Бірінші жағдайда лакмусты сүт
қызыл түске, ал екінші жағдайда көк түске боялады.
Нитраттарды редукциялау (денитрификация) үшін зерттеуге алынған өсіндіні құрамында 12%-дық
азот қышқылды калий ерітіндісі бар ЕПС сеуіп, термостатта 48-72 сағат аралығында ұстайды (37-38
0
С).
Сонан соң қоректік ортаға калий йоды мен 10%-дық күкірт қышқылы ерітіндісінің белгілі пропорциясынан
құралған реактивтің 1 мл-ін қосады. Нитраттардың нитритке ауысуы (редукциялануы) ортаның көк түске
боялуымен дәлелденеді. Каталаза бірнеше тәсілдермен анықталынады.
1 Бір тәуліктік агар өсіндісінің бетіне 2 мл 1%-дық сутегінің асқын тотығын таратады. Каталазаның
барында бөлініп шыққанда қоректік ортаның бетінде көпіршіктер пайда болады.
2 Зат шынысының бетіне сутегінің асқын тотығының 3-10%-дық ерітіндісін тамызады да, оны
ілмекпен алынған агар өсіндісінің массасымен араластырады. Газ көпіршіктерінің бөлініп шығуы
каталазаның түзілуін дәлелдейді.
3 Каталазаны сорпа өсіндісінде анықтау үшін шыны түтікке өсіндінің 1 мл-ін құяды да оған 1 мл
сутегі асқын тотығының 10%-дық ерітіндісін қосады. Каталаза барында газ көпіршіктері бөлініп шығады.
Бактериялардың гемолиттік қасиеттерін зерттеу. Кейбір бактериялар эриторциттерді талқандайтын
ерекше заттар – гемотоксиндерді бөліп шығарады. Микроорганизмдердің осы қасиеттерін анықтау үшін
оларды 5%- фибрині жоқ қаны бар қоректік ортаға себеді (қанды ЕПА). Гемолиттік қасиеттері бар
микробтардың мекендерінің айналасында мөлдір аймақ (түссіз немесе боялған) пайда болады. Сұйық
қоректік ортаға себілген мұндай микробтар эритроциттерді гемолизге ұшыратып, ортаны мөлдірлетеді.
Достарыңызбен бөлісу: