Судағы бактериялардың жалпы санын анықтау үшін суаттардан алынған су үлгілерді жалпы
тәсіл бойынша сұйылтады. Ол үшін 2 мл үлгіні алып, 1 мл-ін бірінші стерильді суы бар бірінші шыны
түтікке құйып, араластырғаннан кейін, ерітіндінің 1 мл-ін екінші 9 мл стерильді суы бар шыны түтікке
құйып, жақсылап араластырған соң келесі пробиркаға 1 мл құяды. Осындай жолмен небары 3-7 сұйылтым
дайындайды. Сонан соң осы шыны түтіктердегі су үлгілерін 1 мл-ден стерильді Петри шыныларына құяды.
Олардың әрқайсысына 10-12 мл-ден 45
0
С-қа дейін салқындатылған ЕПА-ын құйып, айналмалы қозғау
арқылы су үлгілерімен араластырады. Петри шыныларына қаранданпен себу жасалған уақыты, су
үлгілермен сұйылтымның дәрежесі және басқа керекті мәліметтерді жазғаннан кейін аударып, 35-37
0
С-қа
дәлденген термостатқа, 24-48сағатқа қойылады. Өсіп шыққан микроб колонияларының санын су үлгісінің
сұйылту дәрежесін еске ала отыра, микроорганизмдердің 1 мл-дегі мөлшерін лупамен санау арқылы
анықталады. 1 мл құбыр судағы бактериялардың жалпы саны 100-ден, ал ашық су қоймаларынікі 1000-нан
аспауы керек. 1 мл суда 0-ден 100-ге дейін колониялар кездессе – таза, ішуге жарамды, 100-ден 1000-ға дейін
колониялар болса – күдікті, ал 1000-нан жоғарылары – ластанған деп есептеледі.
Судың коли-титрін және коли-индексін анықтау. Судағы ішек таяқшаларының шамадан артық
болуы, олардың нәжістермен және патогенді микроорганизмдермен ластанғандығын көрсетеді. Судың ішек
таяқшаларымен ластану дәрежесі – коли-титр және коли-индекспен көрсетіледі. Коли-титр – 1 ғана ішек
таяқшасы кедесетін судың ең аз мөлшері. Коли-индекс – 1 литр судағы ішек таяқшаларының жалпы саны.
Практикада бұл көрсеткіштерді анықтауда мембраналық сүзгіштермен сүзу әдісі жиі қолданылады. Ол үшін
құбыр мен құдық суларының 300 және 500 мл-ін №3 нитроцеллюлозалық мембраналық сүзгіден өткізіп,
сүзгіні Петри шыныларындағы стерильді Эндо ортасының бетіне (тегіс емес жағымен) аударып, 18-24 сағат
бойы термостатта (37
0
С) ұстайды. Сонан соң мембраналық сүзгі бетіне өсіп шыққан колонияларды санау
арқылы олардың коли-титрі мен коли-индексін анықтайды. Ашық суаттардағы таза суды 100; 10; 1; 0,1 мл-
ден (ластанған суды алдын ала стерильді сумен араластырады) алып, сүзгіден өткізеді. Бір сүзгіден өткізеді.