Бақылау сұрақтары: 1 Ветеринариялық зертханада жұмыс істеу ережесі. 2 Ірі вирусологиялық
зертханаларда қандай бөлімдер болады? 3 Вирусы бар материалдармен жұмыс істеу кезіндегі техника
қауіпсіздігі.
Он бесінші зертханалық – тәжірибе сабағы ТАУЫҚ ЭМБРИОНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ВИРУСОЛОГИЯДА ҚОЛДАНУ Сабақтың мақсаты: Тауық эмбриондарының құрылысымен, тауық эмбриондарын жұқтыруға
дацындау, вирусы бар материалдармен тауық эмбриондарын жұқтыру және жұқтырылған тауық
эмбриондарын жарып тексеру тәсілдерімен танысу.
Материалдар мен жабдықтар.9-11 күндік тауық эмбриондары, овоскоптар, эмальданған
кюветалар. Физиологиялық ерітінді. Шыны түтіктерге арналған штативтер, эмбриондары салуға арналған
ұяшықтар, спирт шамдары, резеңке грушалар, таяқшаға оралған тампондар, спирт, Петри шынылары,
мөлшері 2-5 мл болатын шыны түтікшелер. Стерильді саймандар (шприцтер, иньекциялық инелер, көзге
арналған және анатомиялық пинцеттер, қайшылар мен скальпельдер) салынған стерилизаторлар.
Балқытылған парафин, шыныға жазатын қарындаш, лейкопластырь. Термостат, тоңазытқыш. Центрифуга,
таразы, су моншасы.
Тауық эмбрионынзертхана жағдайында вирустарды өсіруде пайдалану ХХ ғасырдың 30-
жылдарынан бастап іске асырыла бастады. Зертханалық жануарларға қарағанда тауық эмбриондарының
артықтылықтары бар. Олардың қауызы мен қауызының астыңғы қабықшасы эмбриондардың сыртқы
ортадан түсетін бактериялармен залалдануынан сақтайды және вирустарға өте сезімтал келеді. Тауық
эмбриондары вирустарды өсіруге қолайлы орта, күтім мен азықты қажет етпейді және вирустарға қарсы
антиденелерді түзбейді. Зертханалық жануарлар тәрізді тауық эмбриондарын вирусологияда келесі
мақсаттар үшін: патологиялық материалдардан белсенді вирустарды анықтауда; биосынама қоюда;
вирустарды бөліп алуда; вирустарды титрлеуде; вакцина дайындау үшін көп мөлшерде вирустарды жинауда;
бейтараптау реакциясына қажетті тест – объект ретінде қолданады. Вирусы бар материалдармен жұқтыруға
арналған тауық эмбриондарын келесі талаптар бойынша таңдап алады: тауық эмбриондарын жұқпалы
аурулардан таза құс шаруашылығынан алады; жұмыртқа қауыздарында пигменттері болмау және таза болу
(жууға болмайды) керек; Эмбриондардың жасы таңдап алған жұқтыру әдістеріне сәйкес болуы тиіс.