Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты


Өсінділерді май қышқылды ашуға тексеру



Pdf көрінісі
бет26/39
Дата25.12.2022
өлшемі232,06 Kb.
#59555
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Байланысты:
кушти микро

Өсінділерді май қышқылды ашуға тексеру. Май қышқылды ашудытудыратын микробтар (Cl.
butyricum, Cl. pasteurianum, Cl. pectinovorum және т.б.) облигатты анаэрбтарға жатады. Олар топырақта,
қида және түрлі заттарда кездеседі. Май қышқылды микроорганизмдердің әсерінен қант май қышқылы мен
газға ыдырайды.
С
6
Н
12
О
6
→СН
3
СН
2
СН
2
СООН+2СО
2
+2Н
2
Май қышқылды ашуды анықтау үшін картоп қосылған қоректік орта қолданылады. Ол үшін шикі,
тазартылмаған картопты ұсақтап турағаннан кейін микробиологиялық шыны түтікке (1/4 көлемінде) салады.
Оған шай қасықтың 1/3 бөлігіндегі бор мен 2/3 бөлігінде құбыр суын құйып, 10 минут бойы +80
0
С-та су
моншасында ұстайды. Жуылған және тазартылған картопты қолданған жағдайда шай қасықтың ұшымен (1/4
бөлігінде) топырақ қосады. Сосын шыны түтіктерді термостатқа (+35
0
) қояды. 2-3 тәуліктен кейін онда май
қышқылды бациллалар дамиды. Ашу процесі кезінде көмір қышқыл газы мен сутегі түзіліп, картоп
кесінділерімен бірге сұйықтықтың бетіне қалқып шығады. Микроскопиялау кезінде Люголь ерітіндісімен
өңделген май қышқылды бациллалар көк түсті болып көрінеді. Картоп ортасында өсірілген микробтардың
денесінде крахмал тәрізді зат – гранулеза жиналады. Ондай микробтар йод ерітіндісімен әрекеттескен
жағдайда көк түсті болып көрінеді. Ұршық тәрізді жасушаларының бір ұшында орналасқан түссіз споралары
жақсы көрінеді.
Өсінділерді белокты заттардың аммонификациясына тексеру. Ұйыған жұмыртқа белогы
қосылған ет пептон сорпасынан шіріткіш микроорганизмдердің әсерін анық байқауға болады. Мұндай
микробтардың ферменттері ұйытылған жұмыртқа белогын ыдыратып, қорытып жібереді. Ол үшін
құрамында 3% пептоны бар ет пептон сорпасын Эрленмейер колбаларына немесе үлкен шыны түтіктерге 30-
50 мл-ден құйып, топырақ үлгілерін қосады. Микробтардың тіршілік әрекетінен пайда болған өнімдерді
анықтау үшін колба мен қақпақша арасына дистильденген сумен ылғалдандырылған қызғылт лакмус
қағазын (аммиакты анықтау үшін), сірке қышқылды қорғасын ерітіндісімен қанықтырылған (күкіртсутекті
анықтауға) және 12% қаныққан қымыздық қышқылымен өңделген сүзгіш қағаздарды (индалды анықтауға)
қыстырады. Дайын болған колбаларды немесе шын түтіктердің қақпақшаларын пергамент қағазымен жауып,
жіппен байлағаннан кейін термостатқа (2-3 тәулікке) қояды. Микробтар аммиак түзген жағдайда қызғылт
лакмус қағазы көгереді, күкіртсутек болғанда сірке қышқылды қорғасынмен өңделген қағаз қараяды, ал
индол болған жағдайда қымыздық қышқылы батырылған сүзгіш қағаз қызғылт түске боялады.
Микробтардың өсінділік қасиеттері зерттеу микроскопия арқылы іске асырылады. Ол үшін өсінді
сұйықтығынан жағынды жасап, Пфейффер фуксинімен бояйды. Аммонификация процесінің
қоздырғыштары түрлі формада және көлемдерде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет