Топырақтағы микробтардың санын анықтау. Микроорганизмдер топырақта біркелкі
орналаспайды. Сондықтан олардың санын анықтау үшін алынған үлгілер стерильді шыны сауытта
араластырады. Осы ерітіндінің 1 мл-і 9 мл стерильді суы бар шыны түтікке құйылады.
Ерітінділерді дайындау схемасы:
1. 1 г топырақ + 99 мл стерильді су – 10
-2
2. 1 мл 10
-2
ерітінді + 9 мл стерильді су – 10
-3
3. 1 мл 10
-3
ерітінді + 9 мл стерильді су – 10
-4
4. 1 мл 10
-4
ерітінді + 9 мл стерильді су – 10
-5
Кейінгі ерітінділердің 1 мл-ін стерильді Петри шыныларына құйып, 45
0
С температураға дейінгі
суытылған ЕПА мен араластырады да, тегіс жазықтықтың бетінде қалдырады. Қоректік орталар
тығыздалғаннан кейін термостатқа қойылады. 3-4 тәуліктен соң өсіп шыққан микробтар колонияларының
саны анықталады. Алынған топырақ санын сұйылту дәрежесіне көбейту арқылы 1 г топырақ үлгісіндегі
микроьтар саны анықталады.
Әдебиеттер: 1 Бұлашев А.Қ., Сұраншиев Ж.А., Жұмабаев Х.Ж. Жалпы микробиология пәнінен ветеринариялық
медицина факультетінде оқитын студенттердің зертханалық тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік
нұсқауы. Астана, 2005ж. 46-49 беттер. 2 Асонов Н.Р. Практикум по микробиологии // Москва,
«Агропромиздат». 1988. С. 72-76. 3 Костенко Т.С., Скаршевская Е.И., Гительсон С.С. Практикум по
ветеринарной микробиологии и иммунологии // Москва, «Агропромиздат». 1989. С. 94-109.
Бақылау сұрақтары: 1 Судың коли-титрі мен коли-индексі дегеніміз не, оларды қалай анықтайды?
2 Бактериологиялық зерттеуге су үлгілерін алу тәсілдері. 3 Судағы патогенді микроорганизмдерді қалай
анықтайды? 4 Ауа мен топырақты санитарлақ-бактериологиялық бағалауда қандай көрсеткіштерді ескереді?
5 Ауадағы жалпы микробтардың санын анықтау тәсілдері.
Он үшінші зертханалық-тәжірибе сабағы МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ БИОХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ