Жұмыс барысы 1. ҒеCl3 6 түсті стандартты ерітінді дайындау. Ғе3+(1М) 1 л ерітінді дайындау, сұйылту арқылы 100 мл-ден 0,01%, 0,005; 0,0025; 0,0005; 0,00025; 0,000125 %; 0.
2. Əрбір ерітіндіден сынауыққа 0,1 М 5 мл NH4CNS ерітіндісін құйыңыз.
3. Сынама бөлшектерін ұсақтатып тұрыңыз.
4. Жеке тигельдерге (жапырақ сабақтарын) 2,5 г салыңыз.
5. Сынамаларды муфель пешінде күңгірт көк түске дейін қыздырыңыз.
6. Тигельдегіні суыған соң 50 мл стаканға салып, 10 мл 2М HCl ерітіндісін 1 минут ішінде қарқынды араластыра отырып 5 мл су (дистилденген) қосу.
7. Сүзуге арналған құрал жинаңыз. Құйғыштың астына сынауық орналастырыңыз.
8. Стакандағы фильтратты сүзгіге құйып алып, 5 мл фильтратты сынауыққа алыңыз.
9. Фильтратқа 5 мл 0,1 М NH4CNS ерітіндісін қосып тығындап, шайқау арқылы қарқынды араластырыңыз.
10. Алынған ерітіндіні стандартты ерітіндімен салыстырыңыз.
11. Зерттелетін ерітіндідегі Ғе ионының концентрациясына сипаттама беріңіз.
12. Алынған нəтижені спектрофотометрде өлшеп тексеріңіз (l=490 нм).
13. Алынған нəтижені курстағы студенттердің нəтижелерімен салыстыру.
Қорытынды жасап: 1. Топтағы студенттердің зерттеген қай өнімнің құрамында темір ионының мөлшері көп?
2. Құрғақ қалдық құрамында тағы қандай элемент болуы мүмкін? деген сұрақтарға жауап беруіңіз.
Атмосферадағы ластағыш компоненттерді анықтау Ауаның шаңдылығын анықтау 1-вариант. Ауаның шаңдылығы жолдың бойындағы жəне жолдан қашықта өсіп тұрған ағаштардың жапырақтарын салыстыру арқылы анықталады. Жапырақ бет аудандары бірдей
шамадағы жапырақтардың бетіне қонған шаңды шайып сүзіп кептірген соң, сүзгі салмағын өлшеу арқылы тұнба массасы өлшенеді. Алынған нəтиже шаң мөлшерін көрсетеді. Шаңды
жуған соң жуылған жапырақтар санын анықтау түрлі өлшемдегі, ең жақсысы 5 жапырақ алып, суын кептіріп, əрбір жапырақты қағаз бетінде көлемін (контурын) сызып алу (м1). Сол қағаздан
10х10 см өлшемінде квадрат кесіп алып өлшеу (л/г). Жуылған жапырақтардың бет ауданын
(дм )
теңдеуі бойынша анықтау.
Бұдан кейін жапырақтардың əрбір 1м2-қанша шаң қонатынын анықтауға болады. Ал шаңның жиналу уақытын дəл білсек (жаңбырдан соңғы мерзімді анықтау), бір тəулікте қонатын шаң
жылдамдығын анықтауға болады.