Біріншіден, әр мемлекетте қолжетімділік болуы тиіс, яғни өнім мемлекеттің өзінде өндірілуі керек немесе ондай жағдай болмаса шетелден әкелінуі қажет.
Екіншіден, азық-түлікті халықтың сатып алуға мүмкіншілігі болуы керек. Басқаша айтқанда, азаматтың өз қаражатына азық-түлік қоржынын нарықтық бағамен алуға шамасы келуі тиіс.
Ал үшінші деңгейде азық-түлік сапасы жоғары болуы қажет.
Азық-түлік қауіпсіздігі проблемасы дегеніміз не?
Азық-түлік қауіпсіздігі проблемасының бірнеше онжылдықтар- мен өлшенетін тарихы бар. Əлемдік қауымдастық бұл сұрақпен Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген елдерді азық- түлікпен қамтамасыз ету проблемасының өткірлігі өскен кезде саналы түрде айналыса бастады. Осы кезеңде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) өз Жарғысында басқа да кезек күттірмейтін міндеттердің арасында адам тамағының тапшылығын жеңуді қадап көрсетті.