«Ең қарапайым» компьютерлер үшін 0,25 мкм-технологиясы бойынша Celeron деп аталатын процессордың жеңіл түрі шығарылды. Алғашқы Celeron процессорларының 266 және 300 МГц ядро жиілігі (шина жиілігі – 66 Мгц) болды. Қазіргі заманғы Celeron процессорларының, Celeron 300А (жиілігі 300 МГц) үлгісінен бастағанда, ядро кристалында орнатылған және ядроның толық жиілігінде жұмыс істейтін кішігірім екінші реттегі бүркемесі (128 Кбайт) болады. Осы процессорлар Mendocіno деген атпен танымал. Тактылық жиілігі 300 МГц Intel Celeron процессорларының ядросы 7,5 млн. Транзисторды қамтиды, жиілігі 500, 433, 400, 366 және 333 МГц процессорларының ядросы 19 млн транзисторды қамтиды, өйткені 2-деңгейдегі құрамдас бүркеме-жадыны қосады. Xeon тобының процессорлары
Қуатты компьютерлер үшін Xeon тобының процессорлары арналған. Олар үшін жаңа 2-слот енгізілді, ол (жаңа процессордың интерфейсімен бірге) FRC-мен артық жүйелер де, симметриялық 1-, 2-, 4- және 8-процессорлық жүйелер құруға мүмкіндік береді. Шина жиілігі – 100 МГц, ядро жиілігі – 400 МГц және жоғары, екінші сатыдағы бүркеме Pentium Pro сияқты ядро жиілігінде жұмыс істейді. Екінші деңгейдегі бүркеменің көлемі – 512 Кбайт, 1 немесе 2 Мбайт бүркемелеген кезде 64 Гбайтқа дейін (36-биттық адрестеу кезінде барлық адрестік кеңістік). Xeon процессорларыүлкен қуаттылығымен ғана емес, үлкен мөлшерлермен – 15,2 х 12,7 х 1,9 см артықшаланады. Pentium ІІІ поцессоры 1999 жылы Intel корпорациясы Pentium ІІІ және Pentium ІІІ Xeon процессорларын ұсынды. Intel Pentium ІІІ процессорында, үстелдік ДК үшін Intel корпорациясының ең заманға сай және тез істейтін процессорда соңғы технологиялық жетістіктер жүзеге асқан.
80286 және одан жоғарғы процессорлы кәсіби компьютерлердің ішкі жады үш бөліктен тұрады.
1 - негізгі жад (640 Кбайт)
2 - жоғарғы жад
3 - косымша жад
Микропроцессор (МП) – бұл сандық мәліметтерді өңдеу үшін және сол өңдеу процесін бірнеше интегралды сұлбаларда басқару үшін бағдарламалы-басқарулы электронды сандық құрылғы.
Микропроцессор – программа жадында сақталатын, мәліметтер өңдеуді басқаратын функционалды тұйықталған құрылғы. Микропроцессорлардың (МП) пайда болуы интегралды электрониканың дамуының арқасында мүмкіндігі артты. Ол кішкентай және орташа интеграциялық деңгейден үлкен және өте үлкен интегралды микросхемаларға өтуге мұмкіндік берді (БИС и СБИС).