Микрорганизмдер экологиясы


Транзиторлы (тұрақсыз, аллахтонды) микрофлора адам организмінде ұзақ уақыт тіршілік ете алмайды



бет7/9
Дата31.12.2021
өлшемі0,84 Mb.
#22666
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Транзиторлы (тұрақсыз, аллахтонды) микрофлора адам организмінде ұзақ уақыт тіршілік ете алмайды.

Адам организмімен оның қалыпты микрофлорасы бірегей эко жүйе (эндоэкология) құрайды. Ересек адамдарда орта есеппен микробтардың 10 14 дарасы кездеседі.

  • Адам организмімен оның қалыпты микрофлорасы бірегей эко жүйе (эндоэкология) құрайды. Ересек адамдарда орта есеппен микробтардың 10 14 дарасы кездеседі.
  • Микрофлораның саны менсапасы адамдардың жасына, жынысына, кәсібіне т.б қарай әр түрлі болады.
  • Нәресте дүниеге келгенде стерильді болады, алғашқы ауамен, жанасқан заттардан микробтар еніп, біртіндеп тұрақты микрофлора қалыптаса бастайды.
  • Микробтарға ең бай орган – тоқ ішек, оның 1 г-да (нәжістің) 10 12 дәрежеге дейін микробтар кездеседі, олардың 90% анэробтар құрайды.
  • Микробтардың негізгі орналасатын жерлеріне қарай: тері микрофлорасы, конъюктива, құлақ, жоғары тыныс жолдарының микрофлорасы деп ажыратады. Қалыпты микрофлораның пайдалы және зиянды әсері бар.

Қалыпты микрофлораның пайдалы жақтары:
  • организмнің бейспецификалық резистентілігін қамтамасыз етеді.
  • патогенді және шіріткіш микробтарға антогонистік әсер етеді.
  • тұз-су алмасуға, ішектің газдық құрамын реттеуге, ақуыздар, көмірсулар, майлы қышқылдар алмастыруға қатысады.
  • организмді витаминдермен, антибиотиктермен, фременттермен қамтамасыз етуге қатысады.
  • стероидты гормондардың және өт тұздарының рециркуляциясына қатысады.
  • шырышты қабаттарды физиологиялық қабынуға қатысып эпителияның жаңаруына әсерін тигізеді.
  • ішектегі канцерогенді заттарды ыдыратып антимутагендік әсер етеді.
  • экзогендік субстраттарды және метаболттерді қорытуға және детоксикациялауға қатысады.
  • қалыпты микрофлораның кейбір өкілдерін санитариялық көрсеткіш микроорганизм (СКМ-СПМ) ретінде пайдаланады.

Қалыпты микрофлораның зиянды жақтары:
  • жұқпалы ауруларға микробиологиялық диагноз қою кезінде кедергі жасайды.
  • организмнің иммундық жүйесінің қызметі нашарлағанда (ауырып тұрғанда, операциядан кейін, үсікке, күйңкке қайға қасіретке шалдыққанда т.б) әр түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін (екіншілік инфекция, сепсис).
  • қалыпты микрофлораның (тоқ әшектегі) өкілі Cl. Perfringens жарақат арқылы түскенде газды инфекция қоздыруға себепкер болады.
  • әр түрлі дәрі –дәрмектерді, әсіресе антибиотиктерді, ретсіз қолданғанда дисбактериоз пайда болады.

 Дисбактериоз

Микрофлораның қалыпты қызметінің бұзылуы нәтижесінде дамитын жағдайды дисбактериоз және дисбиоз дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет