Мінез тақырыбы бойынша терминдер сөздер. Характерология – мінез құбылысын зерттейтін ғылым. Жұлдызнама



Дата14.10.2023
өлшемі15,22 Kb.
#114756
Байланысты:
Мінез тақырыбы бойынша терминдер сөздер


Мінез тақырыбы бойынша терминдер сөздер.

Характерология – мінез құбылысын зерттейтін ғылым.
Жұлдызнама (гороскоп) – адам мінезін туған
күнімен байланыстырып түсіндіреді.
Физиогномик (phisis табиғат, gnomon білу) адамның сыртқы келбетіне және сондай келбетті тұлғаларды ұқсастығымен белгілі топқа біріктіріп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым.
Хиромантия (cheir қол, tapiia бал ашу) адам мінезін алақанның тері бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі.
Дерматоглифика бармақ, алақан терісіне тумадан түсетін өрнектер арқылы адам мінезін анықтайтын ғылым жүйесі.
Графология мәнерлі әрекет жазу таңбасына орай адам мінезін анықтауға бағытталған ғылым.
Үйлесімді мінез типі – қоршаған ортаға икемділігімен ерекшеленеді, ойлаған ойы мен істеген ісі бір-біріне сай келеді.
Іштей қарама-қарсылықты, бірақ сырттай келісімді мінез адамы. Бұл типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет-қылығы арасында келіспестік бола тұрып, әлеумет талаптарына ыңғай береді
Икемі кем, қарама – қарсылық мінез адамы: көңіл-күй, ниеттері мен әлеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын алған, іс-әрекетін ақыл сарабына сала бермейді
Тиянақсыз мінезді адам – бағыт-бағдарының тұрақсыздығынан, принциптік бостығынан төңіректегі жағдайға ыңғайшыл келеді. Жеке адамдық деңгейі төмен.
Мінез дегеніміз - адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.
Мінез құрылымы: адам қасиеттерінің тұтас жүйесі, сенім, қажеттілік, мүдде, интеллект, ерік, сезім, темперамент.
Мінез құрылымы: адам қасиеттерінің тұтас жүйесі, сенім, қажеттілік, мүдде, интеллект, ерік, сезім, темперамент.
Қажеттілік пен мүдде. Яғни рухани немесе материялдық қажеттілік пен мүдденің өктем адамның сезімдерін ғана емес, іс бағытын да анықтайды.
Интеллект. Мінез туралы сөз болғанда ойлау дұрыс емес,есте қалыптасқан ақыл сапасы жайлы болады.Ақыл-ой әдеттері(жұмыстағы жоспарлылық,) қалыптаса келе мінез сипатына айналады.
Сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Адамның нені сүйіп, нені жек көретіндігін білдіреді.
Темперамент. байсалдық немесе сылбырлық, тұйықтық, жаңа міндетке тез, не қиын бейімделуін т.б. сипаттарын анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет