Минимальная норма оснащения школьных кабинетов для реализации госо методическое пособие



Pdf көрінісі
бет2/98
Дата31.12.2021
өлшемі0,96 Mb.
#22747
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Кіріспе  

 

Қазақстан  Республикасында  білім  беру  мазмұны  стандарттары  мен 

сабақтан тыс қызмет бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету үшін 

мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік 

білім  беру  ұйымдарының  материалдық-техникалық  базасын  жаңарту  және 

нығайту бойынша жұмыс жүргізілуде.  

Қосымша  білім  беру  ұйымдарын  базалық  мектептік  білім  берумен 

кіріктіру міндеттерін шешуде заманауи жабдықтармен жарақтандыру мәселесі 

шешілуде.  

Сонымен  қатар,  МЖМБС  жүзеге  асыру  үшін  мектеп  кабинеттерін 

жабдықтауда туындайтын проблема аз емес. Қазақстан Республикасында білім 

беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 

көрсетілгендей, республиканың негізгі және орта мектептерінің 47,4%-ы жаңа 

үлгідегі  физика  кабинеттерімен,  13,2%-ы  химия,  16,3%-ы  биология,  46,7  %-ы 

лингафондық мультимедиалық кабинеттерімен жабдықталған.  

Әрбір  бесінші  мектепте  асхана  мен  буфет  жоқ.  Мектеп  асханаларының 

жабдықтары  мен  мүкәммалының  ескіруі  80%-ды  құрайды.  Мектептердің  26,4 

%-

нда  спорт  залдары  жоқ.  Шағын  жинақты  мектептердің  материалдық-



техникалық базасы нашар болып отыр [1].  

Бұл  нормалар  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

2012 жылдың 7 наурыздағы № 97 бұйрығы бойынша оқу процесін минималды 

жарақтандыру  және  білім  беру  ұйымдары  оқу  жайларын  жабдықтауда 

Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарына  (МЖМБС)  сәйкес 

[2], 


Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылдың  20  желтоқсандағы  № 

1367  қаулысымен  (өзгерістермен)  бекітілген  балалар  мен  жасөспірімдерге 

тәрбие 

және 


білім 

беру 


нысандарына 

қойылатын 

санитарлық-

эпидемиологиялық талаптарды ескереді [3].  

Сондай-ақ  педагогикалық  талаптар  (оқыту  құралдарының  білім,  білік, 

дағдылар  қалыптастыруда,  оқушы  тұлғасын  дамытуға  ықпал  етуде 

жарамдылығы)  және  эргономикалық  талаптар  (оқыту  құралдарын  қолдану 

процесінде 

көрінетін 

адамның 


антропометриялық, 

физиологиялық, 

психофизиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің кешені) ескеріледі.  

Берілген  жұмыста  МЖМБС  іске  асыруда  мектеп  кабинеттерін 

жарақтандырудың  талдауы  берілген.  МЖМБС  іске  асыру  үшін  білім  беру 

ұйымдары  оқу  кабинеттерін  жарақтандырудың  минималды  нормаларына 

қойылатын талаптар келтірілген.  

МЖМБС  іске  асыру  үшін  жаңа  үлгідегі  мектеп  кабинеттерін 

жарақтандырудың  минималды  нормаларын  енгізу  бойынша  әдістемелік 

ұсынымдар дайындалды.  

 

 

 



 

 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет