Алғашқы әскери дайындық кабинеті жастардың әскери істі, төтенше
жағдайларда қолданылатын құралдар мен қорғаныс тәсілдерін жақсы
меңгеруіне ықпал етеді. Мектептегі алғашқы әскери дайындық әскери-
патриоттық тәрбиемен тығыз байланыстырылады. Жастардың алғашқы әскери
дайындығы мен әскери-патриоттық тәрбиесінің сапасы, басым жағдайда, оқу
базасының болуына және оның жағдайына байланысты.
Оқу базасы құрамына енетіндері: АӘД бойынша оқу кабинеті, оқу
қарулары мен құралдарын сақтауға арналып темір есікпен және дабыл беру
жүйесімен жабдықталған бөлме, атыс тирі, саптық дайындық бойынша
жаттығуларға арналған алаңдар, күндізгі қарауылдың міндеттерін практикалық
меңгеруге арналған орыннан тұрады.
Әскери-патриоттық тәрбиеге байланысты іс-шараларды өткізу үшін, әрбір
оқу орнында әскери даңқ бөлмесі, залы немесе бұрыш жабдықталады.
Кабинет келесілермен жабдықталады:
•
оқушылар тақтасымен;
•
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін оқушылар
үстелдерімен;
•
техникалық
оқыту
құралдарымен:
аудиомагнитофонмен,
бейнемагнитофонмен, теледидармен, графопроектормен, экранмен.
Кабинет пен қабырғалықтары безендіруде қатаң және бірыңғай үлгіні
ұстану қажет. Кабинеттің безендірілуі өскелең ұрпақ бойындағы патриотизм
сезімінің қалыптасуына себеп болуы тиіс.
Планшеттерде мынадай ақпараттардың орын тапқаны тиімді:
•
біздің Президент (Президенттің портреті, оның қысқаша өмірбаяны);
•
Қазақстан Республикасының рәміздері – ту, елтаңба;
•
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны (қазақ тілінде);
•
Қазақстан Республикасы (Республика туралы негізгі мәліметтер);
•
Қазақстан Республикасының қорғаныс ісі;
•
Қарулы күштер;
•
Қарулы күштердің Бас қолбасшысы (Президенттің әскери формадағы
портреті);
•
Қарулы күштер құрамы;
•
әскери ант (қазақ және орыс тілдерінде).
22
Практикалық, сапқа тұру даярлығы, әскери баспа, азаматтық қорғаныс
бойынша қабырғалықтар жабдықталады. Кабинетте оқу бағдарламасының
барлық тараулары бойынша кестелер, планшеттер болуы тиіс. АӘД кабинетін
басқа пәндер бойынша сабақтар үшін қолдану ұсынылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |