3.
Мұғалімнің жұмыс аймағын жабдықтауға қойылатын талаптар
3.1 Мұғалімнің жұмыс аймағына мұғалімнің үстелі мен орындығы
(креслосы) жатқызылады.
3.2 Жұмыс істеуге және оқу процесіне қажетті құралдар мен қосымша
дидактикалық материалдарды орналастыруға ыңғайлы, компьютерлік құрылғы
орнататын бөлігі бар, кітаптар мен қағаздарға арналған жылжымалы жәшігі бар
мұғалімге арналған үстел, сондай-ақ орындық/кресло орналастырылады.
3.3 Білім алушылардың оқу-танымдық, зерттеу, жобалық әрекеттерін
ұйымдастыруда қолайлы жағдай жасау үшін, оқушылардың шығармашылық
ойлауын дамытуда, оқу процесінің тиімділігі мен оқу уақытын ұтымды
пайдалануды арттыру мақсатында мұғалім дербес компьютермен қамтамасыз
етілуі тиіс.
51
|