Министерство науки и высшего образования республики казахстан


Abstract: The article examines the significance of objects in the field of civil law and  their legal foundations.  Keywords



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата19.05.2023
өлшемі0,68 Mb.
#95282
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
Аймақтық конференция жинағы

Abstract: The article examines the significance of objects in the field of civil law and 
their legal foundations. 
Keywords: Civil law relations, civil science, object, property benefits and rights, 
personal non-property benefits and rights, subjective right, subjective obligation 
 
Жалпы құқықтық қатынастардың объектілері ұғымы - құқық ғылымындағы даулы 
ұғымдардың бірі болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері 
ұғымының ғылыми мәселелеріне тоқталмас бұрын ҚР-ның азаматтық заңнамасы бойынша 
азаматтық құқық объектілерінің анықталуына келер болсақ, ҚР азаматтық кодексінің
115-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен 
құқықтар (мүлік) ретінде заттарды,ақшаны, соның ішінде шетел валютасын, құнды 
қағаздарды, жұмыстарды, қызметті, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің 
объектіге айналған нәтижелерін, фирмалық атауларды, тауарлақ белгілерді және бұйымды 
дараландырудың өзге де құралдарын, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлікті түсінеміз. 
ҚР АК-нің 115-ші бабының 3-ші тармағы бойынша жеке мүліктік емес игіліктер мен 
құқықтарға жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік 
бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, 
автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес 
игіліктер мен құқықтар жатады [1]. 


16
Азаматтық құқықтың бұл институтындағы қайнар көздерге келетін болсақ, 
азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері бойынша негізгі реттеуші нормативтік - 
құқықтық акт Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі болып табылады. ҚР АК-
мен қатар азаматтық құқықтар объектілерінің жекелеген түрлеріне қатысты басқа да заң 
актілері бар. Олардың қатарына «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу 
туралы» ҚР 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Заңы, 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы 
қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңы, 1999 жылғы 16 шілдедегі ҚР «Патент» Заңды, 1996 
жылғы 10 маусымдағы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы және 
т.б. басқаны атауға болады. 
Азаматтық құқық ғылымында азаматтық құықтық қатынастардың объектілері 
институты бойынша даулы мәселелердің саны өте көп. Атап айтар болсақ, жоғарыда 
аталған игіліктердің анықталу мәселесі, азаматтық құқықтар объектілері мен азаматтық 
құқықтық қатынастар объектілерінің құрамы мен түсінігі, олардың ара-қатынасы және 
өзара байланысы, азаматтық құқықтар объектілерінің жүйесі, оларды топтастыру 
мәселелері, азаматтық құқықтар объектілерінің тізімін бекітудегі нормативтік - құқықтық 
актілердің ролі. 
ҚР-ның азаматтық құқығы ғылымындағы белгілі ғалым М.К.Сүлейменов өзінің 
«Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша азаматтық құқықтық қатынастардың 
объектілері» деген мақаласында азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері 
мәселесінің бүгінгі күнге дейін цивилистикалық әдебиеттегі ең күрделі мәселелердің бірі 
болып қалып отырғандығын және азаматтық құқықтар объектілерінің жекелеген түрлері 
бойынша жұмыстардың көп болуына қарамастан,жалпы мәселелер бойынша (ұғымы, 
құқық 
құрылымындағы 
орны 
және 
т.б.) 
зерттеулердің 
аз 
екендігін
атап көрсетеді. [2,8]. 
М.К.Сүлейменов аталған еңбегінде азаматтық құқықтық қатынастардың 
объектілері ұғымы мәселелерін қарастырмас бұрын төмендегі екі сұраққа жауап беру 
керектігін айтады: 
1) Әңгіме қай құқық туралы болып отыр: объективтік мағынадағы құқық туралы ма 
немесе субъективтік мағынадағы құқық туралы ма? 
2) «Азаматтық құқықтар объектілері» және «азаматтық құқықтық қатынастар 
объектілері» ұғымдарының ара-қатынасы қандай? 
Бұл сұраққа берілетін жауаптардың маңыздылығын түсіне отырып,жауаптарды 
келтіре кетейік. Бірінші сұраққа жауап бергенде ҚР АК-нің 3-тарауындағы «Азаматтық 
құқықтық қатынастардың объектілері» деген атауына назар аудару қажет. Азаматтық 
құқықтың емес азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері. Бұған әртүрлі 
түсіндірулерді кездестіруге болады, солардың бірінің мазмұны мынаған саяды: бұл сөздің 
субъективтік құқықтар туралы болып отырғандығы анық түсінікті болу үшін саналы түрде 
жасалынған. Объективтік мағынадағы құқық туралы көпше түрде айту мүмкін емес. 
Объективтік мағынадағы құқыққа қатысты «law», субъективтік мағынадағы құқыққа 
қатысты «right» термині қолданылатын ағылшын құқығында мұндай мәселелер 
болмайды.Тұтастай алғанда жүйе ретіндегі құқық қоғамдық қатынастарды реттеуге 
бағытталған.Сондықтан құқық объектісі ретінде оның реттейтін қоғамдық қатынастары 
болып табылады деген пікір жалпымен мойындалған. Алайда қоғамдық қатынастар 
сонымен қатар құқықтық реттеудің пәні болып табылады. Бұл ретте «құқық объектісі» 
ұғымы «құқық реттеудің пәні» ұғымымен толығымен сай келгенде,ұғымдардың бірі артық 
болады. Әрине, бұл ұғым − «құқық объектісі». Заңнамада да, әдебиетте де бұл ұғымның 
пайдаланылмайтындығы сондықтан да таңқаларлық жайт емес. «Азаматтық құқықтық 
қатынастардың объектілері» ұғымын пайдалана отырып, біз субъективтік құқықтарды 
түсінеміз. 
«Азаматтық құқықтық объектілері» мен «азаматтық құқықтық қатынастар 
объектілері» ұғымдарының ара-қатынасы және өзара байланысы сұрағына келер болсақ, 
бұл сұраққа азаматтық құқық ғылымында жалпыға ортақ жауап жоқ. М.К.Сүлейменовтің 


17
ойы бойынша бұл екі ұғым бір бірімен сәйкес келеді. Ол бұл сұраққа жауаптың 
зерттеушінің «азаматтық құқықтық қатынас» және «субъективтік құқық» ұғымдарын 
қалай анықтайтындығына байланысты болатындығын айтады. Заң ғылымында 
субъективтік құқық заңдық міндетпен тығыз байланысты деген пікір қалыптасқан. Құқық 
пен оған сәйкес келетін міндет құқықтық қатынас болып табылады. Сәйкесінше 
субъективтік құқықтың объектісі − бұл бір уақытта заңдық міндеттің және құқықтық 
қатынастың объектісі болып табылады. Сөйтіп, «азаматтық құқықтар объектілері» мен 
«азаматтық құқықтық қатынастар объектілері» ұғымдары синонимдер болып табылады. 
Сөйтіп, М.К.Сүлейменовтың ойы бойынша азаматтық құқықтық қатынастардың 
объектілері мен азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері бір бірімен сәйкес келеді 
[2, 9]. «Азаматтық құқықтар объектілері» мен «азаматтық құқықтық қатынастар 
объектілері» ұғымдарының ара-қатынасы бойынша сұраққа азаматтық құқық ғылымында 
жалпыға ортақ жауап жоқ деп атап көрсеткеніміздей,азаматтық құқық ғылымында 
М.К.Сүлейменовтың бұл айтылған ойына қарсы тұжырымдар да бар.Біз сол цивилистика 
ғылымындағы орын алған және қазіргі уақытта бар пікірлердің бірқатарына қысқаша 
сипаттама беріп,олар туралы өз пікірімізді білдіруді жөн көрдік. 
А.П.Сергеев және Ю.К.Толстойдың жетекшілігімен шығарылған «Азаматтық 
құқық» оқулығында азаматтық мүліктік құқықтық қатынастардың объектілері ретінде сол 
азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілерінің мінез-құлқы көрсетіледі. Бұл 
оқулықтың 5-ші тарауының авторы құқықтық қатынастың объектісі ретінде, әдетте, осы 
құқықтық қатынас неге бағытталған және не нәрсеге әсер етеді,осысымен түсінілетіндігін 
айтады.Тұлғалардың өзара қарым-қатынастарының нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық 
байланыс ретінде құқықтық қатынас тек тұлғаның мінез-құлқына ғана әсер ете алады. 
Сондықтан азаматтық құқықтық қатынастың объектісі болып оның субъектілерінің 
әртүрлі материалдық және материалдық емес игіліктерге бағытталған мінез-құлқы 
табылады. Алайда бұл оқулықта «азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері» 
ұғымы мен «азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері» ұғымының ара-қатынасы, 
өкінішке орай, көрсетілмеген [3,81]. 
Жоғарыда айтылған субъективтік құқық пен заңдық міндеттің бір-бірінен 
ажырағысыз екендігі туралы азаматтық құқық ғылымындағы пікірге қарсы заңдық 
міндетсіз субъективтік құқықтық қатынастардың болу мүмкіндігін қарастыратын, соның 
ішінде абсолюттік құқықтық қатынастарды құқықтық қатынастар деп танымайтын 
пікірлер де бар. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері мәселесі бойынша үлкен 
еңбектің авторы Ғ.И.Төлеуғалиев осы пікірді құптайды. Оның ойы бойынша, «азаматтық 
құқықтық қатынастардың объектілері» ұғымы абсолюттік құқықтарға (құқықтық 
қатынастардан тыс) жатады,ал «азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері» ұғымы 
− ол өзі құқықтық қатынастар деп танитын салыстырмалы құқықтық қатынастарға жатады 
[4,108]. Кеңестік кезеңдегі азаматтық құқықтық ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі 
М.М.Агарковтың ойы бойынша құқықтық қатынастың мазмұны болып міндеті тұлғаның 
мінез-құлқы табылса,оның объектісі болып осы мінез-құлық бағытталған зат немесе «ең 
алдымен зат» болып табылады [5, 22]. Бірақ егер құқық объектісі болып жай ғана зат 
емес, «ең алдымен зат» табылатын болса, М.М.Агарковтың құқық объектілерінің 
заттармен қатар басқа заттық емес объектілерінің бар екендігіне жол беретіндігін аңғаруға 
болады. Шынында бір қатысушысына, мысалы, әншілердің концертіне жеке өнер көрсету 
туралы жұмыстар өндірісі бойынша міндет жүктелген құқықтық қатынастың объектісі не 
болып табылады? Бұл жерде міндетті тұлғаның мінез-құлқы бағытталған сыртқы дүниенің 
пәні жоқ, сәйкесінше М.М.Агарковтың анықтауындағы мағынада құқық объектісі жоқ, ал 
біз бұл жағдайда объектісі жоқ құқықтық қатынастармен,осы құқықтық қатынастың 
субъектілерінің объектісі жоқ құқықтармен және міндеттермен ісіміз болады дегенді 
білдіреді. Бұл көзқарас құқық объектісін құқықтық қатынастың бір элементі ретінде 
қарастырмайды,ол оны құқықтық қатынастың мүмкін болатын алғышарттарының бірі 
ретінде санайды, өйткені егер объект алғышарт емес, ал құқықтық қатынастың бір 


18
элементі деп, сонымен қатар құқық объектісі деп міндетті тұлғаның мінез-құлқы 
бағытталған сыртқы дүниенің пәнін санайтын болсақ,бұл өзінің қажетті элементтерінің 
бірінен айырылған бірқатар құқықтық қатынастарды жоққа шығаруға немесе осы 
тұжырымды ұстанатын авторлардың объект теориясын теріске шығаруға алып келген 
болар еді. Алайда кейбір құқықтық қатынастың объектісі болмайтындығы туралы болжам 
осы құқықтық қатынастың субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің объектісі 
болмайтындығы туралы қорытындыға алып келеді. Өзінің объектісі жоқ құқықтық 
қатынастардың,ешнәрсеге бағытталмаған құқықтық қатынастардың осы құқықтарды 
иеленушілер үшін ешқандай мағынаға ие болмайтындығы өзінен өзі түсінікті. Сөйтіп, 
теория жағынан да, сондай-ақ тәжірибе жағынан да М.М.Агарковтың құқық 
объектілерінің түсінігі мен мәніне қатысты айтылған көзқарасын дұрыс пікір деп айта қою 
қиын [6,78]. Азаматтық құқық ғылымының тарихында азаматтық құқық объектілерінің 
әрекет теориясын ұстанған кеңестік ғалымдардың бірі Я.М.Магазинер. Ол барлық 
құқықтық қатынастардың мәнін осы қатынастағы бір тұлғаның басқа тұлғаның әрекетіне 
құқығы бар екендігіне көре отырып, «барлық құқықтың объектісі болып бөтеннің әрекеті 
табылады» деп санайды. «Егер менің құқығым болса, − деп жазады профессор Магазинер, 
ол менің басқа тұлғаның әрекетін талап ете алатындығымды білдіреді,яғни ол менің неге 
қатысты құқығым бар соған міндетті». Міндеттің объектісі не болып табылса сол 
құқықтың да объектісі болып табылады. Заттар және олардың қасиеттеріне келер болсақ, 
олар құқықтық объект емес, экономикалық объект болып табылады және егер заң 
заттардың қасиеттерімен байланысты салдарлар туралы айтатын болса, онда «бұл 
заттардың мақсаты бойынша адамдар үшін міндетті болып табылады» [7,174]. 
Цивилистика ғылымындағы көрнекті ғалымдардың бірі О.С.Иоффенің азаматтық 
құқықтық қатынастардың объектілері туралы көзқарасы осы Я.М.Магазинердің 
көзқарасына жақын. Ол өзінің «Правоотношения по советскому гражданскому праву» 
деген монографиясында құқықтық қатынастардың әрбір элементтері бойынша 
мәселелерді қарастыра келіп,азаматтық құқықтық қатынастардың объектісі бойынша 
өзінің қорытындысын келтіреді. О.С.Иоффе өзінің бұл еңбегінде азаматтық құқықтық 
қатынастардың объектілері туралы сол кезеңдегі кеңестік және шетелдік (буржуазиялық) 
көзқарастарды талдап,азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері туралы сұрақтың 
үш шешімінің бар екендігін атап көрсетеді. Сол кездегі кеңестік заңгерлердің қолдайтын 
басымдыққа ие көзқарас бойынша объектілер қатарына әрекеттер,жеке материалдық емес 
игіліктер, заттар және басқа да құндылықтар жатады. Аз басымдыққа ие болғанына 
қарамастан әрекетті объект деп танымайтын және объект ретінде заттарды ғана танитын 
объектінің заттық-құқықтық теориясы кең қолданысқа ие болды. Соңғысы кейбір 
авторлар ғана қолдайтын әрекет теориясын заттарды объектілер қатарынан шығарып 
тастайды және объект ретінде міндетті тұлғалардың әрекеттерін таниды [8, 14]. Бұл 
көзқарастардың әрқайсысына өзіндік талдау жасай келе, О.С.Иоффе өзінің қорытындысын 
азаматтық құқықтық қатынастың объектісі ретінде адамдардың мінез-құлқын, яғни 
әрекетті танумен келтіреді. Объект ұғымының анықтамасын жасау үшін ең алдымен бұл 
ұғым заң ғылымында қандай мағынада қолданылуы мүмкін және қолданылуы керек соны 
белгілеп алуымыз керек. Әдетте айтылып жатады: «құқық объектісі дегеніміз − бұл құқық 
субъектілері не үшін құқықтық қатынасқа түсіп жатыр сол болып табылады» немесе 
«құқықтық қатынас не үшін бекітіледі − сол объект болып табылады». О.С.Иоффенің 
айтуы бойынша бұл көзқарас қате пікір болып табылады, өйткені тек философияда ғана 
емес,басқа кез келген белгілі бір құбылыстың объектісі туралы сұрақты қарастыратын 
ғылымда объект ретінде бұл құбылыс не себептен қалыптасып отырғандығын емес,бұл 
құбылыс не нәрсеге әсер етіп отыр немесе әсер етуі мүмкін соны түсінеді. Егер 
құбылыстың объектісі осы құбылыс өзіне тән сипаты және мазмұны бойынша әсер етуі 
мүмкін сыртқы зат болып табылатын болса, азаматтық құқықтық қатынастың объектісі 
болып – азаматтық субъективтік құқық және азаматтық-құқықтық міндет бағытталған 
нәрсе табылады.


19
Азаматтық субъективтік құқық пен азаматтық-құқықтық міндеттің мәні олардың 
азаматтардың белгілі бір мінез-құлқын қаматмасыз ете отырып, заңмен қорғалатын 
мүдделерді қанағаттандыру құралдарының бірі болып табылатындығында. Азаматтық 
субъективтік құқық және азаматтық-құқықтық міндет, сөйтіп, белгілі бір мінез-құлықты 
қамтамасыз етуге бағытталған және сыртқы дүниенің барлық құбылыстары ішінен тек 
адамдардың мінез-құлқының ғана азаматтық субъективтік құқық пен азаматтық-құқықтық 
міндеттің көрсететін әсеріне жауап беруге мүмкіндігі бар. Заттардың да, жеке 
материалдық емес игіліктердің де мұндай мүмкіндіктері жоқ,сәйкесінше заттар да, жеке 
материалдық игіліктер де құқықтық қатынастардың объектісі болып табылмайды.Тек 
әрекет немесе әрекеттен бас тарту түріндегі адамның іс-әрекетінің ғана құқықтық әсер 
етуге жауап беруге мүмкіндігі болғандықтан құқық пен міндеттің ортақ және жалғыз ғана 
объектісі бар,сондықтан құқықтық қатынас объектісі – адамның мінез-құлқы,адамның іс-
әректі немесе әрекеті. Құқық пен міндеттің бір ғана объектісі ретінде – міндетті 
тұлғалардың мінез-құлқы болатын жағдай азаматтық құқықтық қатынастың объектісі 
туралы сұрақтың шешімін де алдын ала анықтайды. Құқық пен міндет азаматтық 
құқықтық қатынастың мазмұнын құрайды және сондықтан азаматтық құқықтық 
қатынастың оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің объектілерінен өзгеше 
объектісі болуы мүмкін емес. Қоғамдық қатынас ретінде тұлғалардың арасындағы 
қатынас ретіндегі құқықтық қатынастың өзінің қатысушыларының өз кезегінде заттарға 
немесе басқа объектілерге және мақсаттарға бағытталған мінез-құлықтарынан өзгеше 
объектісі болуы мүмкін емес. 
Субъективтік азаматтық құқық және азаматтық құқықтық міндетттің азаматтық 
құқықтық қатынастың мазмұны ретінде соңғысымен ортақ объектілері болады және 
азаматтық құқықтық қатынстардың және міндеттердің объектісі не болып табылса 
(міндетті тұлғалардың мінез-құлқы),сол бір уақытта осы құқықтар мен міндеттер мазмұны 
болып табылатын азаматтық құқықтық қатынастардың объектісі де болып табылады. 
Жоғарыда айтылғандай, азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері туралы 
ортақ пікір жоқ, сол себепті О.С.Иоффенің бұл ойының әлі күнге дейін жақтастары да, 
қарсыластары да бар. «Объект-әрекет» теориясы туралы біздің пікірімізге келер 
болсақ,азаматтық 
құқық 
ғылымында 
жоғарыда 
айтылған 
Я.М.Магазинер, 
О.С.Иоффелермен қатар көптеген ғалымдар азаматтық құқықтар объектілері ретінде 
әрекетті санаған. Бұл көзқарас революцияға дейінгі, сондай-ақ кейінгі кезеңде 
де өмір сүрді. Г.Ф.Шершеневич «құқық объектісі деп мүддені жүзеге асырудың құралы 
бола алатынның бәрі аталады. Мұндай құралдар заттар және басқа тұлғалардың әрекеттері 
болуы мүмкін» деп санаған. Сонымен қатар әрекет тек міндеттемелік құқықтық 
қатынастардың объектісі болып табылады және ол субъективтік құқық иеленушісінің 
міндетті тұлғаның кез келген құқыққа сай мінез-құлқына деген құқығын білдіреді деген 
тұжырымдар да кездесіп жатады. 
Шынындада,әрекет барлық жағдайларда азаматтық құқықтық қатынастардың және 
азаматтық құқықтық қатынастардың объектісі деп санауға болатындай әмбебеап
категория ма? Мұндай тұжырымды дұрыс деу күмән туғызады. Біріншіден, әрекет немесе 
мінез-құлықтың адам санасы мен еркіне әсер ете отырып,оның әрі қарайғы мінез-құлқын 
анықтайды, өйткені мінез-құлыққа, сондай-ақ затқа құқық тікелей әсер ете алмайды. 
Құқық нормасы адамның еркіне әсер ете отырып, мазмұны жағымды немесе жағымсыз 
әрекеттерді жасау болып табылатын оның әрі қарайғы мінез-құлқын анықтайды. 
Екіншіден, құқықтық қатынас дегеніміз қоғамдық қатынастардың заңдық нысаны. 
«Нысаны шарт болып табылатын заңдық қатынас,заңмен бекітілген, бекітілмегеніне 
қарамастан, экономикалық қатынас бейнеленетін еріктік қатынас болып табылады. Бұл 
заңдық немесе еріктік қатынастың мазмұны экономикалық қатынастың өзімен берілген». 
Алайда нысан мазмұнның берілуі болғанда, ол онымен тығыз байланысты болғандығы 
соншалықты, оны мазмұннан айыру – мазмұнды жою дегенді білдіреді.Шындығында 
құқықтық қатынас материалдық мазмұн мен заңдық нысанның бірлігін білдіреді. Олар 


20
бір-бірімен тығыз байланысты және көп жағдайларда бір-бірінен ажыратылмайды. 
Фактілік қоғамдық қатынастардың объектісі болып нақты заттардың, ақшаның, құнды 
қағаздардың және т.б. немесе мүліктік және мүліктік емес игіліктердің табылатындығына 
күмән жоқ. Олар құқық субъектілеріне тиесілі болып табылады және бұл игіліктердің 
тиесілік жағдайын білдіреді және бұл игіліктердің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі белгілі 
бір заңдық нысандарда, яғни құқықтық қатынастарда жүзеге асырылады. Сәйкесінше, 
құқықтық қатынастар материалдық пен фомальдылықтың бірлігін білдіреді. Егер 
материалдық қатынастардың объектілері блып нақты игіліктер табылатын болса, осы 
қатынастардың заңдық нысанының басқа нысанды қабылдағанда, олар осындай объект 
болып табылмайды. Мұндай тұжырым логикалық тұрғыда келіспейді.Үшіншіден, 
құқықтық қатынастар әртүрлі сипаттағы материалдық қатынастардың бейнеленуі болса 
да, объект-әрекет олардың кез келгенінің арасында теңдік белгісін қояды. Объектіні 
әрекет немесе құқықтық қатынас тараптарының мінез-құлқы деп елестету көптеген 
объектілерді жоққа шығарады және мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер ештеңе 
емес, ал әрекет немесе мінез-құлық – барлығы деген тұжырымға негіз қалыптасады. 
Цивилист-ғалым М.Т.Менглиевтің және біздің де ойымызша бұл көзқарасты дұрыс деп 
айта қою қиын [9, 36]. 
Кез келген құқықты жүзеге асыру,кез келген міндетті орындау басымды түрде 
субъектілердің әректінің көмегі арқасында көрінетіндігі аксиома секілді. Құқықтар мен 
міндеттердің өздігінен жүзеге асырылуға қабілеті жоқ,олар әрекеттер түрінде көрінеді 
және әрекеттерге мұқтаж. Субъектілердің мінез-құлықтарын негіздерден ажыратуға 
болмайды, яғни құқықтық қатынастың мазмұнын құрайтын құқықтар мен міндеттер 
құқықтық қатынастар соның себебінен пайда болған объектіні құрайтын мүліктік және 
жеке мүліктік емес игіліктердің немесе белгілі бір құқықтық қатынастардың тиесілігін 
өзгертуге бағытталған. Сонымен бір деңгейде құқықты жүзеге асырумен немесе міндетті 
орындаумен байланыспаған әрекеттер ештеңені жасамайды. Сәйкесінше, әрекет дегеніміз 
субъектілер мінез-құлықтарының моделі анықталған тиісті құқық нормаларымен 
реттелген құқықтық қатынастың құрамдас бөлігі. Құқықтық қатынас субъектілерінің 
әрекеттерінде құқық нормаларының әмірі өзінің жүзеге асырылуын табады. 
Сонымен қатар әрекет арқылы заттар меншікке,пайдалануға беріледі немесе жұмыс 
орындалады деген тұжырымдарды жиі кездестіруге болады. Мұндай түсінік азаматтық 
құқықта бір объектіден тұратын құқықтық қатынастардың аз екендігі туралы 
қорытындыға әкелген болар еді. Сөйтіп, әрекеттер әрқашан азаматтық құқық 
субъектілерінің құқықтарын жүзеге асырумен және міндеттерін орындаумен байланысты. 
Тиісті әрекетсіз құқықтар жүзеге асырылмайды, міндеттер орындалмайды,олар өзара 
қарым-қатынастар пайда болатын заңдық салдарлар туғызады. Әрекет азаматтық 
құқықтық қатынастардың әмбебеп объектісі емес. Олар объекті болып тек заңнама арнайы 
көрсеткен жағдайларда ғана табылады. Нормативтік актілердің арнайы көрсетуі болмаған 
жағдайда әрекет құқықтық қатынас мазмұнының жүзеге асырылу құралы болып 
табылады. Субъективтік құқықтың мазмұны құқық иеленушісінің қажеттіліктерін 
қанағаттандыру үшін құқық нормаларымен көрсетілген әртүрлі әрекеттерді жасау 
мүмкіндігінен тұрады. Объективтік құқық құқық иегерінің әрекетінен субъективтік құқық 
иегерінің еркіне құқықтың әсер ету және субъективтік құқықтың жүзеге асырылу 
нәтижесі ретіндегі өзінің болмысын табады. Осыған байланысты субъективтік 
құқықтарды және оларды жүзеге асыру бойынша феномен болмай тұрып әрекеттің 
ешқандай қажетті құқықтық салдарлар қалыптастыра алмайтындығы сияқты құқық 
әрекетсіз жүзеге асырылмайды. Айтылған субъективтік құқық дегеніміз құқықтық 
қатынас объектісі болып табылатын бөтеннің әректіне құқық тұжырымның тиімсіздігі 
келіп шығады.
Субъективтік құқықтың қарама-қарсылығы субъективтік міндет болып табылады. 
Алайда егер абсолюттік құқықтық қатынастар туралы айтар болсақ,онда субъективтік 
құқықтың иегеріне нақты міндетті тарап қарсы тұрмайды. Құқықтың тиым салушы 


21
нормаларымен барлығының құқық иеленушісінің өзінің құқығын пайдалануына кедергі 
келтірмеуі туралы жалпы міндеті белгіленеді. М.Т.Менглиев бұл жағдайда бәсең мінез-
құлық немесе әрекетсіздік азаматтық құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады 
дейді.Бұл жердегі ерекшелік субъективтік құқық иегерінің мұндай құқықтың болғанына 
қарамастан міндетті тұлғалардан белгілі бір мінез-құлықты талап ете алмайтындығында. 
Бұл кезеңде берілген құқықтар мен жүктелген міндеттер жалпы болып табылады. 
Абсолюттік құқықтық қатынастардағы субъектілердің міндеттері басты болып табылады 
және олар заңмен міндеттеледі. Бұл міндеттің мазмұны – басқаның субъективтік құқығын 
бұзатын әтекеттерді жасамау,яғни әрекетсіздік ету. Яғни, соңғысы абсолюттік сипаттағы 
құқықтық қатынастың объектісі ретінде болады. Бұл заңнама әрекетсіздікті азаматтық 
құқықтық қатынастардың объектісі ретінде көрсететін жағдай болып табылады. 
М.Т.Менглиевтің абсолюттік құқықтық қатынастардың объектісі болып әрекетсіздік 
танылатындығы туралы бұл пікірімен келісу қиын,өйткені біз абсолюттік құқықтық 
қатынастардың объектісі ретінде нақты заттарды, ақшаларды және құнды қағаздарды, 
айрықша құқықтық қатынастардың объектілерін, ақпаратты санаймыз. Біздің бұл 
пікіріміздің негізделуі жұмыстың келесі бөлімінде беріледі. 
Заң әдебиетінде әрекет міндеттемелік қатынастардың объектісі болып танылады 
деген сөз жиі айтылады. Бұл жағдай ҚР АК-нің 268-ші бабына сәйкес келеді. Бұл бапқа 
сәйкес борышқор несие берушінің пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу 
және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға 
міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. 
М.Т.Менглиевтің көзқарасы бойынша, мұндай сәйкестік таза сыртқы болып табылады, 
өйткені міндеттеменің өзі құқық нормасы құкықтар мен міндеттер жиынтығының пайда 
болуы, өзгертілуі және тоқтатылуымен байланыстыратын шарттың, әкімшілік актінің, 
құқықбұзушылықтың немесе басқа заңдық фактілердің туындысы болып табылады. 
Құқықтар мен міндеттер, әдетте, міндеттеме тараптарының әрекеттерінде жүзеге 
асырылады [9, 41]. 
М.Т.Менглиевтің айтуы бойынша, міндеттемелік қатынастарда тараптарға 
жүктелген міндеттемелерді орындау үшін белсенді әрекеттерді жасау міндеттеледі, 
өйткені құқық иеленушісінің қажеттіліктерін қанағаттандыру олармен байланысты 
(мысалы, заттарды беру, жұмыстарды орындау және т.б.). Мұндай қатынастарда барлық 
іс-әрекет тараптар құқықтық қатынасқа түскен соңғы нәтижеге қол жеткізуге 
бағындырылған. Міндеттемелік-құқықтық қатынастарда басты объект болып заттар, 
ақшалар, жұмыс орындау және т.б. қала береді, өйткені құқықтық қатынастар солардың 
себебінен пайда болды және олар заттарды меншік құқығына немесе пайдалануға беруге, 
тиісті жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге және т.б. бағытталған. Сөйтіп, 
міндеттемелік қатынастарда соңғы нәтижеге құқықтық қатынастың мазмұнына сәйкес 
жағымды әрекеттерді жасау арқылы қол жеткізіледі − зат оны алушының меншік 
құқығына өтеді, пайдалануына беріледі, жұмыс тұтынушы үшін орындалады және т.б. 
Сонымен қатар міндеттемелік қатынастар да тараптардың қандай да бір әрекеттерден бас 
тартуының міндеттелуі көзделмейді. Міндеттемелік сипаттағы қатынастардың ерекшелігі 
сонда, оларда, әдетте, жүзеге асырылуы күтілетін құқықтық салдарлардың туындауы үшін 
жеткілікті болатын тараптардың құқықтары мен міндеттері егжей-тегжейлі анықталады. 
Басқа әрекеттерді жасау кұқықтық қатынастың шеңберінен тыс қалады және оның 
мазмұнына сай келмеуі мүмкін. 
Алайда М.Т.Менглиевтің бұл көзқарасымен келісе қою қиын, себебі, біздің 
ойымызша, міндеттемелік қатынастардың объектілері болып бөтеннің әрекеттері 
табылады, бұл туралы осы жұмыстың келесі бөлімінде айтатын боламыз. 
Дегенмен, міндеттердің орындалуына кедергі келтіретін әрекеттерді жасауға 
немесе міндетті орындауды күрделендіретін құқықтарды асыра қолдануға тиым салу 
әрқашанда болып отырады. Тіпті құқықтық қатынасты тудырған шартта немесе басқа 
заңдық фактілерде арнайы көрсетулердің болмаған күнінің өзінде құқықтық қатынас 


22
мазмұнына сай келмейтін әрекеттерді жасамау міндеті азаматтық құқықтың жалпы 
нормаларында және қағидаларында кездеседі. Олар әрқашанда бар және олар әмбебап 
сипатқа ие. Нақты міндеттемелік-құқықтық қатынастарда міндеттелмеген, бірақ 
міндеттемелік-құқықтық нормалармен міндеттелетін әрекеттерді жасамау азаматтық 
құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Міндеттемелік сипаттағы құқықтық 
қатынас объектісінен ерекшелігі бұл жағдайда көрсетілген құқықтық қатынастардағы 
жағымды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін бәсең мінез-құлық міндеттеледі. 
Сонымен объект-әрекет теориясы бойынша қорыта келе айтарымыз әрекет 
азаматтық құқықтық қатынастардың жалғыз ғана объектісі болып табылмайды және ол 
әмбебап сипатқа ие емес. 
Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері туралы өзіндік ерекше пікір 
авторларының бірі қазақстандық цивилистика ғылымының белгілі өкілі Ю.Г.Басин 
«Игіліктер және құқықтар қазақстандық заңнама бойынша азаматтық құқықтық 
қатынастардың объектілері ретінде» деп аталатын мақаласында ол ҚР АК-нің 115- 
бабының 2-ші тармағында аталған феномендердің барлығының қабылдаудың және 
танудың материалданған нысанына ие емес екендігін және олардың арасында олардың 
сипаттарын, көлемін және олардың кімге тиесілі екендігін бекітудің қағаздық, 
электрондық және басқа да ұқсас құралдардың кебейіп келе жаткандығын айтады. Бірақ 
олардың барлығы объективтік құнға және айналымқабілеттілігіне ие. Осы себептен 
олардың барлығы «мүлік», «мүліктік игіліктер мен құқықтар» терминдерімен біріктіріледі 
[10, 25].
Мақаланы қорытындылай келе, құқықтық қатынастың объектісі ұғымы құқықтық 
қатынас қалай түсініледі соған байланысты болады деп санауға болады. Егер бұл құқық 
нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар болып табылса, онда осы құқықтық 
қатынастың объектісі де шынайы және нақты болуға тиіс. Егер бұл жаңа идеологиялық 
құқықтық қатынас болатын болса, біріншіден, екі қатынастың екі объектісі болуы тиіс, 
екіншіден, идеологиялық қатынастың объектісі де идеалды, қоғамдық қатынастармен 
байланыспаған болады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері туралы үлкен ғылыми 
еңбектердің авторлары құқықтық қатынасты жаңа идеологиялық құқықтық қатынас деп 
анықтайды, нәтижесінде онда құқықтық қатынас пен азаматтық құқықтық қатынастардың 
объектілері әртүрлі анықталады. Жалпы «азаматтық құқық объектілері» мен «азаматтық - 
құқықтық қатынастар объектілері» ұғымдары синонимдер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет