Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Тежелудің түрлері, ОЖЖ-індегі қозу мен тежелудің өзара



Pdf көрінісі
бет43/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

7.6. Тежелудің түрлері, ОЖЖ-індегі қозу мен тежелудің өзара 
әрекеттесуі. И.М.Сеченовтің тәжірибесі. 
Тежелу — тінге тітіркендіргішпен әсер ету кезінде байқалатын басқа 
қозуды басатын белсенді үдеріс, бұл кезде тіндерде әрекеттік өзгерістер 
болмайды. Тежелу тек жергілікті жауап ретінде дамуы мүмкін. 
Тежелудің екі түрін ажыратады: 
1) біріншілік. Оның пайда болуына (дамуына) арнайы тежегіш нейрондар 
болуы керек.Тежеуші медиатордың әсерінен, алдын ала қозусыз, бірден 
тежелу байқалады.


Біріншілік тежелудің екі түрі болады: 
а) пресинапстық — аксо-аксондық түйіспеде; 
б) постсинапстық — аксо-сомалық, аксо-дендриттік түйіспелерде. 
2) екіншілік. Әдеттегі қозғыш құрылымдардың әрекеттік белсенділігінің 
өзгеруінен пайда болады, ол үшін арнайы тежеуші нейрондар керек емес, бұл 
әрқашан қозу үдерісімен байланысты.
Екіншілік тежелудің түрлері:
а) шектен тыс, нейрондарға (әсіресе ми кыртысындағы) аса көп ақпараттар 
ағыны келгенде пайда болады. Бұл тежелудің сақшылық маңызы бар. 
Өйткені ол жүйкені шамадан тыс күшті немесе ұзақ тітіркендірудің әлсірету 
әсеріне кедергі жасайды. Ақпарат ағыны нейрондардың жұмыскерлік 
қабілетінен тыс (жоғары) болады; 
б) пессималдық, өте жоғары тітіркендіру салдарынан дамиды; 
в) парабиоздық, өте күшті және ұзақ тітіркендіру кезінде пайда болады; 
г) қозудан кейінгі тежелу, нейрондардың қозудан кейінгі әрекеттік 
жағдайының төмендеуі салдарынан пайда болады; 
д) теріс индукция принципіне сәйкес тежелу; 
е) шартты рефлекстердің тежелуі. 
Қозу мен тежелу үдерістері өзара өте тығыз байланысты, бір мезгілде 
өтеді және бірыңғайлы удерістердің әртүрлі көріністері болып саналады. 
Қозу мен тежелу ошақтары жылжымалы болады, сондықтан олар үлкен 
немесе кіші нейрондар аймақтарын қамтиды және азды көпті байқалуы 
мүмкін. Қозу әрдайым тежелумен ауысады және керісінше, яғни екеуінің 
арасында индукциялық қатынас бар. 
Тежелу қимыл-қозғалыстың үйлесімді болуына қатысады, орталық 
нейрондарды шексіз қозудан сақтайды. ОЖЖ-дегі тежелу бірнеше 
тітіркендіргіштерден, күші әртүрлі жүйкелік серпіндер, бір уақытта, жұлынға 
келіп түскенде пайда болуы мүмкін. Әлсіз тітіркендіруге жауап түрінде пайда 
болуға тиісті рефлекстер, күштірек тітіркендіру әсерінен тежеледі. 
1862 жылы И.М.Сеченов орталық тежелу құбылысын ашты. Бақаға 
жасаған тәжірибесінде, көру төмпешігін тұз кристалымен тітіркендіргенде 
(алдын ала алдыңғы ми алынып тасталған), жұлын рефлекстерінің тежелуін 
байқаған. Осы тәжірибенің нәтижесінде И.М.Сеченов, ОЖЖ-де қозумен 
қатар, организмнің рефлекстік қызметін басатын, тежелу үдерісі де бар 
болатындығы туралы тұжырым жасады. 
Н.Е.Введенскийдің болжауы бойынша, тежелу құбылысының негізіне 
теріс индукция жатады, яғни ОЖЖ-нің жоғарылау қозғыш учаскесі төмендеу 
қозғыш бөлімнің белсенділігін тежелуге келтіреді. 
И.М.Сеченовтың тәжірибесіне қазіргі түсіндіру (И.М.Сеченов ми 
бағанының торлы құрылымын тітіркендірген): торлы құрылымның қозуы 
жұлындағы тежеуші нейрондар (Реншоу жасушалары) белсенділігін 
күшейтеді, бұл жұлынның α-мотонейрондарын тежелуге келтіреді, соның 
нәтижесінде жұлынның рефлекстік қызметі басылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет