Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


ДӘРІС № 8. ОЖЖ-нің әр түрлі бөлімдерінің физиологиясы



Pdf көрінісі
бет45/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

ДӘРІС № 8. ОЖЖ-нің әр түрлі бөлімдерінің физиологиясы
Дәрістің жоспары: 
8.1. Жұлын физиологиясы 
8.2. Артқы және ортаңғы ми физиологиясы. 
8.3. Аралық ми физиологиясы. 
8.4. Торлы құрылым (ТҚ) мен лимбиялық жүйе физиологиясы. 
8.5. Үлкен жарты шарлар қыртысының физиологиясы. 
8.1. Жұлын физиологиясы 
Жұлын — ОЖЖ-нің ежелгі бөлімі. Оның құрылысының ерекшелігі - 
cегменттерге бөлінуі. Алдыңғы және артқы ашалардың сұр заты жұлын 
нейрондары болып саналады. Олар жұлынның рефлекстік қызметін 
атқарады.


Жұлынның артқы ашасындағы интернейрондар жүйкелік серпіндерді 
жоғары орналасқан орталыққа және алдыңғы ашасындағы нейрондарға қарай 
өткізеді. Сонымен қатар мұнда ауырсыну, температуралық, тактилдік, 
вибрациялық және проприоцептивтік тітіркендірулерді сезгіш (афференттік) 
нейрондар болады. 
Жұлынның алдыңғы ашасында аксондары бұлшықеттерге баратын 
мотонейрондар (эфференттік) орналасады. ОЖЖ-нің қозғалтқыш әсерлерінің 
төмен бағытталған (құлдырау) жолдарының бәрі жұлынның алдыңғы 
ашасында түйықталады. 
Жұлынның бүйір ашасының соңғы мойын және кеуде, бел сегменттерінде 
(C8-L2) симпатикалық жүйке жүйесі нейрондары, ал S2-S4 сегменттерінде 
парасимпатикалық жүйке жүйесінің нейрондары орналасады.
Жұлынның құрамында көптеген аралық (қондырғы) нейрондар бар, олар 
сегменттер арасындағы және ОЖЖ-нің жоғары бөлімдерімен байланыстарды 
қамтамасыз етеді. Жұлын нейрондарының жалпы санының 97%-ы аралық 
нейрондар болады. 
Жұлынның ақ заты миелинді жүйке талшықтарынан (қысқа және ұзын) 
тұрады және өткізгіш қызметін атқарады. Қысқа талшықтар жұлынның бір 
немесе бірнеше сегменттерінің нейрондарын байланыстырады. Ұзын 
талшықтар (проекциялық) жұлынның жоғары (бас миына қарай) және төмен 
(бас миынан) бағытталған өткізгіш жолдарын құрастырады.
Жұлынның сұр заты оның дәл ортасында орналасқан, ол рефлекстік 
қызмет атқарады. Себебі сұр заттың құрамында жұлынның әртүрлі 
нейрондары жатады. Жұлынның сезгіш және қозғалтқыш нейрондары, 
аралық нейрондар арқылы немесе бір-бірімен тікелей байланысып рфелекстік 
доға құрады. 
Жұлын рефлекстік және өткізгіштік қызметтер атқарады. Жұлынның 
рефлекстік қызметі бүкіл дененің қимыл-қозғалыс рефлекстерін, ішкі 
ағзалардан шығатын рефлекстерді, жылу реттелуді және т. б. әрекеттерді іске 
қосады. Рефлекстік әсерленістер тітіркендіргіштің күші мен жиілігіне, 
рефлексогендік аймақтың көлеміне, талшықтармен серпіндердің өту 
жылдамдығына, бас миының әсеріне және т. б. жағдайларға тәуелді болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет