Температуралық талдағыштың орталық бөлімі ми қыртысында артқы
орталық қатпар аймағында орналасады, бұл жерде тактилдік талдағыштың да
орталығы бар. ІІ және ІІІ нейрондар орындары соматосенсорлық сезгіш
орталығына сәйкес болады.
Орталық терморецепторлар гипоталамуста, ортаңғы мидың торлы
құрылымында, жұлында орналасқан. Олар осы аймақтарға келетін қанның
температурасына сәйкес әсерленеді. Гипоталамуста негізгі жылу реттеуші
орталық бар, ол жылу өндіретін және жылу беретін бөлімдерден тұрады. Бұл
орталық бүкіл организмдегі температуралық өзгерістерді қажеттілікке сай
үйлестіріп отырады, дененің қалыпты гомеостаздық жағдайын сақтайды.
16.6. Тактилдік (сипап сезу) талдағышы. Адам денесінің сыртқы қабатында, яғни теріде орналасқан көптеген
қабылдағыштар сипап сезу, қысым, вибрация (діріл), қытық және басқа да
тітіркендіргіштердің әсерін түйсінуге мүмкіндік береді. Олар қоршаған орта
құбылыстарын да сезуде және талдауда маңызды роль атқарады.
Тактилдік талдағыштың шеткі бөліміорналасуы мен құрылысы
әртүрлі қабылдағыштардан тұрады. Қысымға сезімтал қабылдағыштар:
Меркель дискілері, шырышты қабаттар мен терінің терең қабатында аздаған
топтасып орналасады; Руффини денешіктері – эпидермис пен терінің терең
қабатында болады; Краузе сауытшалары – эпидермистің астында, шырышты
қабықтың дәнекерші тіндерінде, тілдің ет талшшықтарына жатады; терінің
беткі қабатындағы бос жатқан капсуласы жоқ жүйке соңдары. Сипап сезу
қабылдағыштарына теріде және шырышты қабықта орналасқан Мейснер денешіктері мен терінің шаштары түбіндегі жүйке өрімдері жатады.
Қытықты сезу терінің бетіне жақын орналасқан бос капсуласыз жүйке
соңдарының қозуынан пайда болады, мұндай сезіну көбіне қолтық пен табан
аймақтарынан байқалады. Дірілді қабылдау рецепторларына Пачини
денешіктері қарайды. Олар дәнекер тіндерінің бірнеше қабатымен оралған
жүйке
талшықтарының
соңдарынан
құрастырылған.
Бұл
терінің
механикалық ығысуына жедел бейімделетін қабылдағыштар.